Көктемгі су тасқынының алдын алу аясында гидротехникалық құрылыстар тексерілді

Көктемгі су тасқынының алдын алу аясында гидротехникалық құрылыстар тексерілді

2026 жылғы көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындық шеңберінде ағымдағы жылдың 30 наурызында Абай облысы ауыл шаруашылығы басқармасының «Абай су қоймалары» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің теңгеріміндегі Жаңасемей ауданының Мұқыр ауылы маңындағы қоршау бөгетінің, Щербаковское су қоймасының және Бородулиха ауданындағы Веселовский гидротехникалық нысандарында тексеру жүргізілді.

Тексеру барысында нысандардың техникалық жай-күйі қаралып, су өткізу қабілеті мен қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі, қорғаныс құрылыстарының жай-күйі зерделенді. Нәтижесінде нысандардың жалпы техникалық жағдайы бағаланды.