
Ағымдағы жылдың 25 ақпанында Абай облысы әкімінің орынбасары Думан Оспановтың төрағалығымен 2026 жылға арналған аса қауіпті зиянкестермен және карантиндік объектілермен күресу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру және үйлестіру жөніндегі штабтың алғашқы фитосанитариялық отырысы өтті.
Жиын барысында аса қауіпті зиянкестер мен карантиндік объектілерге қарсы күрес шараларын ұйымдастыру және үйлестіру мәселелері талқыланды.
Жиынға ауыл шаруашылығы басқармасы, ҚР АШМ Абай облысы бойынша АӨК МИК аумақтық инспекциясының басшысы, «Республикалық фитосанитариялық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» РММ Абай облыстық филиалының және аудандық, қалалық филиалдарының басшылары, «Семей орманы МОТР» РММ бас директордың орынбасары қатысты. Қала және аудан әкімдіктері кеңеске Zoom платформасы арқылы қосылды.
Ауыл шаруашылығы басқармасынан басшының міндетін атқарушы Мирас Тохтарханов аталған тақырып бойынша баяндама жасады.
Кеңес қорытындысы бойынша тиісті мемлекеттік органдар мен ұйымдарға нақты тапсырмалар жүктеліп, 2026 жылға арналған фитосанитариялық іс-шараларды сапалы және уақтылы іске асыру міндеті қойылды.