Абай облысының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілеріне хабарландыру

Абай облысының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілеріне хабарландыру

Абай облысының ауыл шаруашылығы басқармасы «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау» қағидаларына сәйкес, ағымдағы жылдың 20 қаңтарынан бастап ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден өтінімдер қабылдау басталғанын хабарлайды.

Өтінімдер subsidy.plem.kz электронды порталы арқылы қабылданады.

Тауар өндірушілерге қойылатын критерийлермен және субсидиялау нормативтерімен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы №108 бұйрығымен бекітілген Қағидалардан танысуға болады.