Хабарландыру!

Хабарландыру!

Қоғамшылыққа арналған ресми хабарландыру жоспарланып отырған қызмет туралы өтініш бойынша ескертулер мен ұсыныстарды қабылдау туралы

«Абай облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 68-бабының 7-тармағына сәйкес жоспарланып отырған қызмет туралы өтініштің орналастырылғаны және қоғамшылықтан ескертулер мен ұсыныстарды қабылдау басталғаны туралы хабарлайды.

ЖОСПАРЛАНЫП ОТЫРҒАН ҚЫЗМЕТ ТУРАЛЫ ӨТІНІШ

«Абай облысы Ақсуат ауданындағы Қарғыба өзенінде су қоймасын салу» жұмыс жобасы.

Ескертулер мен ұсыныстарды қабылдау төмендегі мекенжай бойынша жүзеге асырылады:
Электрондық пошта: kerk@ecogeo.gov.kz, t.nugumanova@ecogeo.gov.kz 

Ескертулер мен ұсыныстарды қабылдау мерзімі:
2025 жылғы 23 желтоқсаннан 2026 жылғы 15 қаңтарды қоса алғандағы кезең.

Белгіленген мерзімде келіп түскен ескертулер мен ұсыныстар Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен қаралатын болады.