
Ағымдағы жылы гектарды ауыл шаруашылығы дақылдарының егін жинау алаңы 782,1 мың гектарды құрады. Өткен жылмен салыстырғанда 22,0 мың гектарға артық. Оның ішінде дәнді дақылдар 296,5 мың га, майлы дақылдар 339,4 мың га, картоп 5,9 мың га, көкөніс-бақша дақылдары 5,2 мың га, ал жемшөп дақылдары 135,1 мың гектар алқапқа егілді.
Бүгінгі таңда өңірде астық жинау толық аяқталды. дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар алаңынан орташа өнімділігі 11,8 ц/га болатын 348,9 мың тонна астық бастырылды. Майлы даықлдардың жинау алыңы өткен жылмен салыстырғанда 42,5 мың гектарға ұлғайды. Нәтижесінде 15,0 ц/га орташа өнімділігімен 509,2 мың тоннадан астам бастырылды.
5,9 мың га алқаптан картоп 224,5 ц/га жиналып, нәтижесінде 132,9 мың тонна өнім алынды. Көкөністерді жинау да аяқталды. Өнімділігі 239,6 ц/га болатын 125,0 мың тонна жиналды.