Абай облысының фермерлеріне отандық “Micro Bio” микробиологиялық препараттары таныстырылды

Абай облысының фермерлеріне отандық “Micro Bio” микробиологиялық препараттары таныстырылды

Өндіріс және коммерцияландыру жөніндегі директордың орынбасары, PhD Жанар Шадибековна Жұмадилова ауыл шаруашылығына арналған "Micro Bio” биопрепараттарын фермерлерге таныстырды.

Таныстыру кездесулері Бородулиха, Үржар, Аягөз, Ақсуат, Көкпекті және Жарма аудандарында өтті.
Кездесу барысында өнімнің тиімділігі мен экологиялық қауіпсіздігі түсіндіріліп, фермерлер қызығушылық танытып, өз шаруашылықтарында пайдалануды жоспарлап отыр.

“Micro Bio” – малдың өнімділігін арттыру мен экологиялық таза өндірісті дамытуға бағытталған отандық инновациялық шешім!