2025 жылы «Абай облысының Республикалық фитосанитариялық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» РММ филиалының деректері бойынша шегірткелерге қарсы өңдеудің жалпы есептік ауданы 81,4 мың га құрайды, оның ішінде 36,6 мың га саяқ шегіртке бойынша, 44,8 мың га үйірлі шегірке бойынша (азиялық шегіртке – 24,7 мың га, итальяндық прусс – 20,1 мың га).
2025 жылғы 22 мамырдағы жағдай бойынша саяқ шегірткеге қарсы өңдеуге арналған 25 техниканың ішінде 9 техника жұмыс орнына жеткізілді, 3 техника жолда, ал тағы 2 техника бүгін Шымкент қаласынан шығуы тиіс.
Қазіргі таңда саяқ шегірткелерге қарсы өңделген алаң Абай ауданы бойынша 280 га, Ақсуат ауданы бойынша 530 га, Аягөз ауданы бойынша 310 га,Бесқарағай ауданы бойынша 180 га, Үржар ауданы бойынша 450 га, Мақаншы ауданы бойынша 430 га, Жарма ауданы бойынша 420 га және Жаңасемей ауданы бойынша 260 га құрады.Барлығы 2860 га өңделді.
Бұл мәселе тұрақты бақылауда.