
Абай облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінде басшылық құрамға қызметтік қызметте жасанды интеллект технологияларын қолдану мәселелері бойынша оқыту өткізілді.
Оқу барысында қатысушылар жасанды интеллекттің заманауи мүмкіндіктерімен, оны жұмыс процестерін автоматтандыруда, ақпаратты талдауда, аналитикалық материалдар дайындауда, сондай-ақ басқарушылық шешімдердің тиімділігін арттыруда практикалық қолдану тәсілдерімен танысты.