АБАЙ: Балалар лагеріндегі қаржылық қауіпсіздік

АБАЙ: Балалар лагеріндегі қаржылық қауіпсіздік

2026 жылғы 16 шілдеде «Заң және Тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында Абай облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері Бесқарағай ауданындағы «Достық» балалар сауықтыру лагерінде «Біз және қаржылық қауіпсіздік» атты интерактивті бағдарламаны өткізді.

Іс-шара балалардың қаржылық сауаттылығын арттыруға, интернет-алаяқтықтың алдын алуға, кәмелетке толмағандардың дропперлікке, құмар ойындарға және өзге де заңсыз схемаларға тартылуының профилактикасына бағытталды.

Тақырыптық квест барысында қатысушылар цифрлық кеңістіктегі қауіпсіз мінез-құлық қағидаларымен, алаяқтықтан қорғану тәсілдерімен және қазіргі қаржылық қауіп-қатерлермен танысып, алған білімдерін интерактивті форматта бекітті.