
Семей қаласында Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің жас қызметкерлерінің слеті өтті.
Слетке Алматы қаласы, Алматы, Жетісу, Шығыс Қазақстан, Павлодар және Абай облыстарынан 50-ден астам жас қызметкер қатысты.
1–3 шілде аралығында қатысушылар тәжірибе алмасып, экономикалық қылмыстарды анықтау және тергеп-тексеру бойынша үздік тәжірибелерді зерделеді, сондай-ақ қызметтің өзекті мәселелерін талқылады. Ерекше назар Агенттік басшылығымен өткен ашық диалогқа аударылды. Жас қызметкерлер Агенттік Төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесовке және Кадр жұмысы департаментінің басшысы Данияр Тұрғанбаевқа өздерін толғандырған сұрақтарын тікелей қою мүмкіндігіне ие болды.
Слет жас қызметкерлердің кәсіби дамуына, корпоративтік рухты нығайтуға және елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында ортақ мақсатқа жұмылған жас мамандар қауымдастығын қалыптастыруға ықпал еткен маңызды алаңға айналды.