АБАЙ: «Елімай» – «Ордабасы» матчы барысында жанкүйерлерге Заң және Тәртіп қағидаттары насихатталды

АБАЙ: «Елімай» – «Ордабасы» матчы барысында жанкүйерлерге Заң және Тәртіп қағидаттары насихатталды

«Заң және Тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында Абай облысы бойынша
Экономикалық тергеп-тексеру департаменті «Елімай» – «Ордабасы» футбол
матчы барысында профилактикалық акция өткізді.

Жауапты кездесуде команданы қолдау мақсатында жанкүйерлерге «Елімай»
футбол клубының рәміздері және «Заң және Тәртіп» жазуы бейнеленген
жалаушалар таратылды. Сонымен қатар, стадионның LED-экрандарында
интернет-алаяқтыққа, қаржы пирамидаларына және дропперлікке қарсы
профилактикалық бейнероликтер көрсетілді.

Матч Семей қаласындағы «Спартак» стадионында өтті. Сыйымдылығы шамамен 8
мың көрерменді құрайтын спорт нысаны тұрғындар мен өңір қонақтарының кең
аудиториясын қамтуға мүмкіндік берді.

Аталған акция туған команданы қолдауды заңға бағынушылық құндылықтарын
дәріптеумен, халықтың қаржылық сауаттылығын арттырумен және қаржылық
мониторинг органдарының өңір тұрғындары арасындағы танымалдығын
нығайтумен ұштастырды.