Абай облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінде жеке құрамның «Дабыл» сигналы бойынша оқу жиыны өткізілді. Іс-шара барысында қызметкерлердің жедел дайындығы, дабыл сөмкелерінің толық жабдықталуы және бөлімшелердің өзара іс-қимылы тексерілді. Бұзушылықтар анықталған жоқ. Сонымен қатар, қызметкерлердің жедел әрекет ету дағдыларын жетілдіруге бағытталған «Қамал» арнайы жедел жоспары пысықталды.