
«Семей» телеарнасында Абай облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті өкілдерінің қаржылық қауіпсіздік тақырыбына арналған сөз сөйлеуі өтті. Эфир «Заң және Тәртіп» ұлттық бастамасы аясында ұйымдастырылды.
Негізгі назар қаржы пирамидалары мен жалған инвестициялық жобаларға байланысты қауіп-қатерлерге аударылды.
Эфир барысында күмәнді компанияларды тексеру тәсілдері туралы айтылып, азаматтарды алаяқтық белгілері анықталған жағдайда ресми ҚМА боты арқылы хабарлауға шақырды.