
Абай облысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекциясы департаментінде әдеп жөніндегі уәкіл мемлекеттік қызметшілер арасында Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі талаптарын және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманы сақтау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнама талаптарын орындау, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықты қалыптастыруға бағытталған түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Жиын барысында қызметтік әдеп талаптарын сақтау, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықты қалыптастыру мәселелері түсіндірілді. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және олардың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын қатаң сақтау, қызметтік жағдайды жеке мүдделер үшін пайдалануға жол бермеу, сондай-ақ ықтимал сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу бойынша уақтылы шаралар қабылдау мәселелері қаралды.