
Мемлекеттік еңбек инспекторы Абай облысы Кәсіподақтар орталығы төрағасының орынбасары Д. Мұхаевпен бірлесіп, 2026 жылғы 8 маусымнан бастап күшіне енген Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне енгізілген өзгерістерге арналған түсіндіру кездесуін өткізді.
Кездесуге «Қазақстандық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Гүлнар Оразбекова және саланың 21 бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағалары қатысты.
Кездесу барысында қатысушыларға еңбек заңнамасына енгізілген негізгі өзгерістер, оларды тәжірибеде қолдану тәртібі, сондай-ақ қызметкерлер мен жұмыс берушілердің құқықтары мен міндеттеріне қатысты нормалар жан-жақты түсіндірілді.