
Мемлекеттік еңбек инспекторы «METALL MINING» ЖШС ұжымымен кездесті. Кездесу барысында қызметкерлердің еңбек құқықтары, еңбек шартын тіркеудің бірыңғай жүйесіне деректерді енгізу, қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру және басқа да мәселелер түсіндірілді.