
Мемлекеттік еңбек инспекторлары Маканшы ауылының Мәдениет үйінде Мақаншы ауданының жұмыс берушілердің, білім бөлімінің, мансап орталығының өкілдерінің қатысуымен түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында еңбек шартын тіркеудің бірыңғай жүйесіне деректерді енгізу, қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру, міндетті зейнетақы аударымдары және басқа да мәселелер түсіндірілді. Сонымен қатар, Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне арналған іс-шаралар талқыланды.