
Еңбек қауіпсіздігін арттыру, қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын сақтау, өндірістік жарақаттану мен кәсіби аурулардың алдын алу мақсатында сәуір айы Еңбекті қорғау айлығы болып жарияланды.
Осыған байланысты облыстың кәсіпорындары, ұйымдары мен мекемелерін бастаманы қолдауға және сәуір айын қауіпсіздік пен еңбекті қорғау айы ретінде өткізуге шақырамыз.
2026 жылғы Еңбекті қорғау айлығының тақырыбы: «Қолайлы психоәлеуметтік жұмыс ортасы - қызметкерлердің өркендеуінің және ұйымның беріктігінің негізі».
Биыл ұжымдарда қолайлы психологиялық ахуал қалыптастыруға, жұмыс орнындағы күйзелістің алдын алуға, кәсіби күйіп кетуді болдырмауға және өзара құрмет мәдениетін дамытуға ерекше көңіл бөлу қажет.
Айлық аясында:
Еңбекті қорғау айлығын өткізу - қызметкерлердің қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтауға, еңбек тиімділігін арттыруға және ұйымдардың тұрақты дамуына ықпал етеді.
Барлық кәсіпорындар мен ұйымдарды Еңбекті қорғау айлығына белсенді қатысуға шақырамыз.