
2026 жылдың 7 сәуірінде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы Комитетінің Абай облысы бойынша Департаменті Абай облысының құрылыс ұйымының өкілдерімен кездесу өткізді.
Күн тәртібінде келесідей мәселелер қаралды: сатылы бақылау жүйесін енгізу, жұмыскерлерді еңбек (қызметтік) міндеттерін атқару кезінде жазатайым оқиғалардан сақтандыру, кәсіптік тәуекелдерді бағалауды жүргізу, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеу, жұмыскермен еңбек шартын жасасу және тоқтату туралы ақпаратты ЕШЕАБЖ енгізу және шетелдік жұмыс күшін тарту тәртібі.
Іс-шараға сондай-ақ Абай облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының, Абай облысының аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің, «Мемлекеттік аннуитеттік компания» ӨСК» АҚ Абай облысы бойынша филиалының өкілдері қатысты.