Сақтандыру және еңбек шарттары мәселелері жұмыс берушілермен талқыланды.

Сақтандыру және еңбек шарттары мәселелері жұмыс берушілермен талқыланды.

Мемлекеттік еңбек инспекторы М. М. Садыков «Шығыстүстімет» ЖШС филиалы - Орлов өндірістік кешені жұмыс берушілеріне ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Өткізілген іс-шара барысында өндірістегі жазатайым оқиғалардан қызметкерлерді міндетті сақтандыру мәселелеріне, оны еңбеккерлерді әлеуметтік қорғаудың маңызды тетігі ретінде қарастыруға ерекше назар аударылды. Жұмыс берушілерге сақтандыру шарттарын уақтылы жасасу және олардың болмауына байланысты жауапкершілік жөніндегі қолданыстағы заңнама талаптары түсіндірілді.

Сондай-ақ еңбек шарттарын еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде (ЕШЕБЖ) жасасу және уақтылы өзектендіру мәселелері қаралды. Еңбек қатынастарын тіркеудің белгіленген мерзімдерін сақтау, сондай-ақ деректердің дұрыстығы мен өзектілігін қамтамасыз ету қажеттілігі атап өтілді.

Сонымен қатар қатысушыларға өндірістік жарақаттануды төмендетуге және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге бағытталған практикалық ұсынымдар берілді.

Кездесу қорытындысы бойынша жұмыс берушілерге Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы талаптарын сақтау, сондай-ақ еңбек қатынастары саласындағы құқықтық сауаттылық пен жауапкершілік деңгейін арттыру бойынша түсіндірмелер мен ұсынымдар ұсынылды.