
Мемлекеттік еңбек инспекторы Ақсуат ауданының экономика және қаржы бөлімі ұжымымен Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын сақтау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында жұмыс беруші мен жұмыскер арасындағы еңбек қатынастарын реттейтін еңбек құқығының негізгі нормалары жан-жақты қарастырылды.
Инспектор жұмыскерлердің еңбек құқықтарын қорғау тәртібін, олардың бұзылуы жағдайында уәкілетті органдарға жүгіну тетіктерін, сондай-ақ заңнама талаптарын сақтамағаны үшін жұмыс берушінің жауапкершілігін түсіндірді.