Әлеуметтік әріптестік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі аудандық үшжақты комиссияның отырысы.

Әлеуметтік әріптестік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі аудандық үшжақты комиссияның отырысы.

Мақаншы ауданының әкімдігінде әлеуметтік әріптестік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі аудандық үшжақты комиссияның кезекті отырысы өтті. Отырысқа Мемлекеттік еңбек инспекциясы Комитетінің Абай облысы бойынша департаментінің өкілдері, комиссия мүшелері, дербес бөлім басшылары, сондай-ақ кәсіпорын басшылары қатысты.

Күн тәртібінде еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне жұмысшылар туралы ақпаратты енгізу және үшжақты комиссия бойынша жылдық жоспарды бекіту туралы мәселелер қаралды.

Отырыс қорытындысы бойынша жауапты мемлекеттік мекемелерге тапсырмалар берілді. Барлық мәселелер әкімдіктің бақылауында.