
«Қызметкерлердің құқықтарын қорғау» бастамасын іске асыру аясында 2026 жылғы 26 наурызда Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Абай облысы бойынша департаменті (әрі қарай – Департамент), облыс прокуратурасымен, Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Абай облысы бойынша департаментімен, сондай-ақ «Абай облысының кәсіподақ орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігімен бірлесіп «Qazaq Astyq Group» ЖШС еңбек ұжымымен кездесу өткізді.
Іс-шара кәсіпорынның диалог алаңында өтіп, әлеуметтік-еңбек қатынастарын нығайтуға, қызметкерлердің құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуге, сондай-ақ «Заң және тәртіп» қағидатын насихаттауға бағытталды.
Іс-шара барысында Департамент басшысы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы мәселелері бойынша жан-жақты түсіндірме беріп, қызметкерлердің құқықтары мен кепілдіктерін сақтау жөніндегі негізгі аспектілерді, сондай-ақ әлеуметтік-еңбек қатынастары саласындағы бұзушылықтардың алдын алу шараларын түсіндірді.
Кездесу барысында ұжымдық-шарттық қатынастарды дамыту және нығайту, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ еңбек саласындағы цифрландырудың рөлін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі нормаларын сақтау және ұжымдық шарттарды тиімді іске асыру қызметкерлердің еңбек жағдайларын жақсартудың маңызды құралы екені атап өтілді.
Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушылар өздерін сұрақтарға жауап алып, еңбек құқықтарын қорғау бойынша тәжірибелік ұсынымдар алды.