Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы.

2026 жылғы 24 ақпанда Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы өтті, оның барысында 2025 жылдың қорытындылары шығарылып, 2026 жылға арналған міндеттер айқындалды.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары А. Ғ. Балаева, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі А. М. Ертаев, вице-министр В. В. Шегай, «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ және «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ президенттері, Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің басшылығы мен қызметкерлері, сондай-ақ аумақтық бөлімшелердің өкілдері қатысты.

Алқа отырысында Комитеттің, оның ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Абай облысы бойынша департаментінің 2025 жылғы жұмысы оң бағаланды.

Мемлекеттік еңбек инспекторларымен жеке және заңды тұлғалардан түскен 1011 өтініш қаралды (жалақының төленбеуі, пайдаланылмаған еңбек демалысы күндері үшін өтемақы, үстеме жұмыс уақытының төлемі және заңсыз жұмыстан босату, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша).

144 тексеру жүргізілді, оның ішінде профилактикалық бақылау шеңберінде. Анықталған 850 бұзушылықты жою туралы 109 нұсқама беріліп, 95 заңды және жеке тұлға 14,1 млн теңге сомасына әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 2 ескерту берілді. 4 әкімшілік іс сотқа жолданды.

Мемлекеттік бақылау қорытындылары бойынша 1 500 жұмыскердің құқықтары қорғалып, 84 млн теңге көлемінде жалақы өндірілді.

670 ұжымдық шартқа мониторинг жүргізіліп, цифрландырылды.

Департаментпен түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылып, оның нәтижесінде 114 986 жұмыскер бойынша еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне мәліметтер енгізу қамтамасыз етілді, сондай-ақ 4 864-тен астам жұмыс беруші жұмыскерлерді жазатайым оқиғалардан сақтандырды.

2025 жылы Абай облысында өндірістік жарақаттану деңгейі 2024 жылмен салыстырғанда 33,7 %-ға төмендегені атап өтілді.