Барлық қызмет салаларына арналған үлгілік еңбек шарты
Бұл үлгілік еңбек шарты экономиканың барлық салаларында қолдануға арналған және Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде көзделген міндетті талаптардың барлығын қамтиды.
Шартта:
- тараптардың құқықтары мен міндеттері;
- еңбек жағдайлары және еңбек функцияларын орындау тәртібі;
- жұмыс уақыты мен тынығу уақытының режимі;
- еңбекақы төлеу шарттары;
- кепілдіктер мен өтемақылар;
- еңбекті қорғау талаптары;
- материалдық жауапкершілік мәселелері;
- дербес деректерді қорғау және құпия ақпаратпен жұмыс істеу тәртібі;
- еңбек шартын өзгерту, бұзу және еңбек дауларын шешу тәртібі қамтылған.