Құрылыс саласына арналған үлгілік еңбек шарты
Бұл шарт құрылыс жұмыстарының ерекшеліктері мен еңбек қауіпсіздігіне қойылатын жоғары талаптарды ескере отырып әзірленген.
Шартта:
- еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптары;
- міндетті нұсқамалардан өту тәртібі;
- жеке қорғану құралдарын пайдалану міндеттері;
- биіктікте, техникамен және күрделі ауа райы жағдайларында жұмыс істеуге байланысты өндірістік тәуекелдер;
- қауіпті жағдайлардың алдын алу жөніндегі жұмыскердің міндеттері;
- жұмыс берушінің қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттері;
- медициналық тексерулерден өту тәртібі;
- құрылыс нысанының жұмыс кестесіне байланысты икемді жұмыс уақыты режимі;
- зиянды еңбек жағдайлары мен үстеме жұмыс үшін өтемақылар көзделген.