2022 жылғы 5 маусымда Республикалық референдум сағат 7:00-ден 20:00-ге дейін өтеді. Толық ақпарат Орталық сайлау комиссиясының ресми сайтында жарияланған – www.election.gov.kz
Республикалық референдумда 18 жасқа толған Қазақстан азаматтары дауыс бере алады.
Сот іс-әрекетке қабілетсіз деп таныған немесе сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында отырған адамдар дауыс бере алмайды.
Мына сілтемелер арқылы жарияланған «Сайлау учаскесін іздеу» қызметін пайдаланыңыз:
Өзіңіз тіркелген аймағыңызды таңдап, ЖСН-ңызды енгізіп, reCAPTCHA тексерісінен өтіңіз және «Табу» батырмасын басыңыз. Егер ЖСН-ңыз деректер базасында болса, онда нәтижесінде учаскеңіздің нөмірін және оның мекенжайын көре аласыз. Әйтпесе, кеңес алуға болатын Call-орталықтардың тізімі көрсетіледі.
Иә. Референдум күні өз елдімекеніңізден тыс жерде жүретін болсаңыз, алдын ала, 2022 жылғы 4 маусым күні сағат 18:00 дейін өз референдум учаскеңізге жүгініп, дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәлігін алуыңыз керек. Сол құжатпен өзге елдімекендегі кез-келген сайлау учаскесінен дауыс бере аласыз.
Ал бір елдімекен шегіндегі басқа учаскеден дауыс беруге болмайды.
Сіз өзіңіз жүрген шет мемлекеттегі учаскелік сайлау комиссиясына баруыңыз қажет – онда сізді сайлаушылар тізіміне қосады және сол жерде дауыс бере аласыз. Мекенжайларды ҚР Сыртқы істер министрлігінің сайтынан таба аласыз. Өзіңізбен бірге Қазақстан Республикасы азаматының жарамды паспорты болуы қажет.
Егер ЖСН енгізу кезінде сервис нәтижені көрсетпесе, онда енгізілген ЖСН дұрыстығын, сондай-ақ аймақтың дұрыс таңдалғанын тексеріңіз. Бұл сервис тұрғылықты жері бойынша сайлау учаскесін көрсетеді.
Егер нәтижені алу мүмкін болмаса, ақпаратты нақтылау үшін тікелей аймақтың Call-орталығына хабарласыңыз.
Call-орталықтардың тізімі мына бетте жарияланған - https://www.gov.kz/page/kontakty-referendum2022