Құрметті пайдаланушы! Егер сіз eGov.kz порталына алғашқы рет кіріп, онлайн-қызметтерді алуды және Жеке Кабинетті пайдалануды қаласаңыз, онда қадам-қадаммен мынадай әрекеттерді орныдаңыз:
1. Компьютерге Java, NCALayer БҚ және ҚР ҰКО түпкі сертификаттарын орнатыңыз.
Түпкі сертификаттар да ҚР ҰКО сайтының басты бетінде орналасқан.

2. Порталда тіркелу және авторизациялау үшін, сондай-ақ онлайн-қызметтерді алу үшін қажетті ЭЦҚ кілттерін алу.
ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) – бұл электрондық құжатқа қолы қойылған және мөрмен бекітілген қағаз жеткізгіштегі құжат сияқты заң күшін беру үшін пайдаланылатын өзі қойған қолының аналогы.
AUTH_RSA деп аталатын ЭЦК кілттердің RSA – дан айырмашылығы неде?
RSA электрондық құжатқа/сұрау салуға қол қоюға арналған, ал AUTH_RSA пайдаланушыны түпнұсқаға сәйкестендіруге, яғни кіруге/авторландыруға арналған.
ЭЦҚ қолданыс мерзімі 1 жыл, бірақ пайдаланушының ағымдағы ЭЦҚ мерзімі өтіп кетпей тұра, оны тағы бір жылға ұзартуға мүмкіндігі бар екендігін атап өтеміз. Мерзімін ұзарту бойынша нұсқаулықтар – жеке тұлғалар үшін, заңды тұлғалар үшін.
ЭЦҚ түрлі ақпарат жеткізгіштерінде сақтауға болады, бірақ бұл ретте ол бөтен қолға түспеуін жауапкершілікпен қадағалау қажет.
3. ЭЦҚ арқылы порталда тіркеліңіз. Тіркеу рәсімі интуитивтік түсінікті, бірақ сұрақтар туындаған жағдайда нұқсаулықты (PDF) пайдалануды ұсынамыз.
Тіркелуден кейін және ЭЦҚ болған кезде сіздің алдыңызда электрондық үкіметтің eGov.kz. порталының барлық мүмкіндіктері ашылады. Сіздің қарамағыңызда көптеген электрондық мемлекеттік қызметтер мен сервистер болады, сондай-ақ сіз мемлекеттік ақпараттық жүйелерде сақталатын дербес деректерді мониторингілеуге көмектесетін Жеке Кабинетке қол жеткізе аласыз.
Оның үстіне, ЭЦҚ Ашық үкімет порталдарында авторландыруға және Elicense.kz электрондық лицензиялау порталында тіркелуге мүмкіндік береді.
ЭЦҚ-ның әрекет ету мерзімі – 1 жыл тек файлдық жүйеге таратылады. Егер ЭЦҚ кілттерін жазу қорғалған тасымалдаушыларға жүргізілсе (Жеке куәлік, Kaztoken, Etoken, Akey, JaCarta) онда әрекет ету мерзімі 3 жыл болады.