«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры»

logo_damu_0.png

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ (бұдан әрі – «Даму» Қоры) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 26 сәуірдегі №665 «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қорын құру туралы» қаулысының негізінде құрылған.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22 мамырдағы №571 «Даму институттарын, қаржы ұйымдарын басқару жүйесін оңтайландыру және ұлттық экономиканы дамыту жөніндегі кейбір шаралар туралы» Жарлығына сәйкес «Даму» Қорының  жалғыз акционері «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ  болып табылады.

«Даму» Қорының Қазақстанда шағын және орта бизнеске  қолдау көрсетуде 20 жылдық тәжірибесі бар. 2010 жылға дейін «Даму» Қорының бағдарламаларының қатысушыларының көпшілік бөлігі  екінші деңгей банктерінде қаражаттарды шартталған орналастыру бағдарламаларының шеңберінде қаржылық қолдау  алған. Қаражаттарды шартталған орналастыру бағдарламаларын іске асыру  шағын және орта кәсіпкерліктің субъектілерінің  несиелері бойынша сыйақының пайыздық мөлшерлемелерінің жалпы деңгейін төмендетуде  маңызды орын алды.  

«Даму» Қорының міндеті – шағын және орта кәсіпкерлікті (ШОК) сапалы дамытуға жан-жақты қолдау көрсету.                             

Қаржылық қолдау түрлері:

  • аймақтар мен жекелеген салаларға арналған мақсатты бағдарламалар аясында екінші деңгейлі банктер арқылы жеңілдікпен несиелендіру, кішігірім кредиттеу ұйымдары арқылы кішігірім кредиттеу; 
  • субсидиялау – банктердің бизнесті дамытуға бөлетін несиелерінің сыйақы мөлшерлемесін азайту;
  • кепілдендіру – банктер алдындағы кепілзаты жетпеген жағдайда жартылай кепілдеме беру.

Сондай-ақ, «Даму» Қорының аймақтық филиалдарының негізінде тарту менеджерлері «Даму» Қорының барлық қаржылық бағдарламалары бойынша кеңес беру қызметтерін ұсынады.

2010 жылдан бастап «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасын іске қосудың арқасында «Даму» Қоры арқылы кәсіпкерлікке қолдау көрсету құралдарының спектрі елеулі кеңи түсті. Соның ішінде, шағын және орта бизнес субъектілерінің кредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау, шағын және орта бизнес субъектілерінің кредиттеріне кепілдік беру  басталды, сондай-ақ шағын және орта бизнеске кеңес беріп қолдау және оқыту бағдарламаларын ауқымды іске асыру бастау алды.

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ (бұдан әрі – «Даму» Қоры/ Қор) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 26.04.1997 ж. №665 «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қорын құру туралы» қаулысына сәйкес құрылған.

2001 ж. дейін Қор Отандық тауар өндірушілерге қолдау көрсету жөніндегі шаралар бағдарламасы бойынша мемлекеттік бюджет қаражаттарының пайдаланылуын, сондай-ақ Еуропалық қайта құру және даму банкі мен Азия даму банкінің несие желілері бойынша есепке алу және бақылау агентінің қызметтерін атқарды.

2002 ж. бастап Қор шағын бизнесті өзінің жеке қаражаттарының есебінен тікелей несиелеуді бастады. «Даму» Қорымен «Республикалық бюджеттің қаражатынан шағын кәсіпкерлік субъектілерін несиелеу бағдарламасы» және «2004-2006 жылдарға арналған шағын қалаларды дамыту бағдарламасы» іске асырылды. 

2005 жылдың мамыр айында Қазақстан Республикасының Үкіметімен «ҚР-дағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған жеделдетілген шаралардың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы» қабылданды. Бұл бағдарламаға сәйкес, 2005-2007 жылдар ішінде Қор жобалық қаржыландыру және лизинг бағдарламаларын, Қазақстанда шағын несиелеу жүйесін дамыту бағдарламасын, екінші деңгейдегі банктерден (бұдан әрі – ЕДБ) алынатын ШК субъектілерінің несиелерін кепілдендіру бағдарламасын іске асыру арқылы шағын кәсіпкерлікті (бұдан әрі – ШК) қолдауды жүзеге асырды.

2006 ж. сәуір айынан бастап «Даму» Қоры  «Қазына» тұрақты даму қоры» АҚ акционерлік холдингінің құрамында жұмыс істеп келеді.

Қазақстан Республикасы Президентінің 22.05.2013 ж. №571 «Даму институттарын, қаржы ұйымдарын басқару жүйесін оңтайландыру және ұлттық экономиканы дамыту жөніндегі кейбір шаралар туралы» Жарлығына сәйкес «Даму» Қорының 100% акциялары «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ (бұдан әрі – «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ) табысталды. Бұл Жарлық шыққанға дейін «Даму» Қорының 100% акциялары «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ына (бұдан әрі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ) тиесілі болды және 28.12.2011 ж. бастап Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрлігінің, ал 10.04.2013 ж. бастап Қазақстан Республикасының Өңірлік даму министрлігінің сенімгерлікпен басқаруында болды. Қазіргі уақытта Қордың жалғыз акционері «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ болып табылады.

2007 жылдың соңынан бастап Қор Қазақстан Республикасы Үкіметінің Тұрақтандыру бағдарламасының қаражатын шартталған түрде орналастыру бойынша оператордың қызметін  атқарып келеді.

2010 ж. бастап «Даму» Қоры кәсіпкерлердің несие бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялаудың және банктердің алдында кәсіпкерлердің несиелерін кепілдендірудің қаржылық агенті болып табылады, сонымен қатар «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасының (бұдан әрі – «БЖК 2020» бағдарламасы) аясындағы оқыту және кеңес беру бағдарламаларының операторы қызметін атқарады.

2015 ж. бастап «Даму» Қоры «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың Бірыңғай бағдарламасының аясында қаржылық қолдаудың іске асырылуын және мониторингін (кәсіпкерлердің несие бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау және банктердің алдында кәсіпкерлердің несиелерін кепілдендіру) жүзеге асыратын қаржылық агент болып табылады.

2017 жылы Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлік бағдарламасын іске асыру  басталды. Бағдарламаның мақсаты – кәсіпкерлік дарыны бар азаматтар үшін қаржылық және қаржылық емес (оқыту) жағдайлар жасау жолымен шағын бизнес субъектілері санын ұлғайту. Бағдарлама шеңберінде «Даму» қоры қалалардағы кәсіпкерлерге 6% дейінгі мөлшерлемемен кредиттерді-микрокредиттерді беретін ЕДБ және микроқаржылық ұйымдарды қорландыруды жүзеге асырады. Сонымен бірге, «Даму» қоры қалаларда берілетін кредиттерді/микрокердиттерді кепілдендіруді жүзеге асырады.  

2012-2014 жж. барлық облыс орталықтарында және Астана, Алматы, Семей, Түркістан қалаларында 18 Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары, сонымен қатар 14 Кәсіпкерлекті қолдаудың мобильді орталықтары  (бұдан әрі - КҚМО) құрылды.

«Даму» Қорының  аймақтық филиалдары Қазақстанның барлық аумақтарында жұмыс істейді, жергілікті кәсіпкерлермен, қоғамдық ұйымдармен және биліктің жергілікті атқарушы органдарымен айтарлықтай жұмыс тәжірибесі бар. Толық  сілтемесі бойынша біле аласыз.

  • даму әлеуеті бар шағын және орта бизнестің барлық субъектілеріне қаржыландырудың қолжетімділігін қамтамасыз етуге;
  • жеке кәсіпкерлік субъектілеріне несиелік ресурстардың қолжетімділігінің және оларды беру жеделдігінің дәрежесін арттыруға;
  • аймақтық және салалық тұрғыдан жеке кәсіпкерлік субъектілерін барынша қамти отырып, несиелік ресурстарды тиімді бөлуді қамтамасыз етуге;
  • экономиканы әртараптандыруға жәрдемдесуге және шағын және орта бизнес саласындағы бәсекеге қабілеттілікті арттыруға;
  • ішкі өндірісті кеңейтуге, инновацияларды ендіруге және өз өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға жоғары әлеуетті мүмкіндіктері бар шағын және орта бизнес субъектілерін қолдау құралдарын көбейтуге;
  • жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кәсіби деңгейін арттыруға және халықты кәсіпкерлікке тартуға бағытталған.
  1. Жаңадан бастаған және жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлерді қолдау және дамыту:
  • Шағын бизнесті несиелеуді кеңейту, МҚҰ және кредиттік серіктестіктерді  қолдау құралдарын әзірлеу және іске асыру;
  • Жұмыс істеп жүрген МШОК Қордың қаржылық бағдарламаларымен қамту үлесін арттыру;
  • Қолдау көрсетілетін МШОК кәсіпорындарының экономикалық тиімділігін арттыруды қамтамасыз ету.
  1. Қордың тұрақты институционалдық дамуы:
  • Қосымша қаржыландыру көздерінің қаражатын тарту;
  • Қызметінің жоспарланған қаржы нәтижелерінің деңгейіне жету;
  • Бизнес – процестерді автоматтандыру;
  • Корпоративтік басқару деңгейін арттыру. 

«Даму» қорының саясаты туралы  толық ақпаратты осы сілтеме бойынша біле аласыз.

«Даму» Қорының барлық облыс орталықтарында, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларында он жеті филиалдары бар.

Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, 050004
Гоголь көшесі, 111.  Наурызбай батыр көшесінің қиылысы
Call-центр: 8 (727) 244 55 66 (77) (көп арналы)
Қысқа нөмір: 1408 (Қазақстан бойынша ұялы және қалалық телефондардан тегін)
Факс: 8 (727) 278 07 76
E-mail: info@fund.kz