Қазіргі ақпараттық технологиялар мен мегаполистардағы күнделікті өмір ырғағы жағдайында азаматтардың екпінді ұтқырлығы ғасырында электрондық үкімет порталын мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін
төлеу, айыппұлдарды және басқа сервистерді төлеу жүйесі ретінде пайдалану кеңінен дәріптеліп келеді. әрине, бұл өте ыңғайлы, оның үстіне бұл сервистер түрі едәуір уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді. бүгінгі таңда әкімшілік айыппұлдарды, сондай-ақ ЖҚЕ бұзғаны үшін айыппұлдарды төлеу сервисі ең көп таралғанын атап өту маңызды.
Әкімшілік айыппұлдарды және ЖҚЕ бұзғаны үшін айыппұлдарды іздеуді және төлеуді сіз электрондық үкімет порталында онлайн режимінде жүргізе аласыз.
Сіз портал арқылы тауып, төлей алатын әкімшілік айыппұлдар және ЖҚЕ бұзғаны үшін айыппұлдар тізімі:
|
ӘҚтК бабының бөлімдері |
Құқық бұзушылық түрлері |
Жаза түрі |
|
1-бөлімі |
Кәмелетке толмағандардың түнгi уақытта (сағат 22-ден таңғы 6-ға дейiн) заңды өкiлдерiнiң бірге жүруiнсiз ойын-сауық мекемелерiнде болуына жол беру |
жеке тұлғаларға – 10 АЕК, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – 15 АЕК, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 30 АЕК, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 50 АЕК |
|
2-бөлімі |
Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет |
жеке тұлғаларға – 20 АЕК, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – 30 АЕК, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 50 АЕК, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 100 АЕК |
|
Механикалық көлік құралымен, жегін көлікпен егістіктердің немесе екпелердің үстімен жүру |
5 АЕК |
|
1-бөлімі |
Ұйымдық-құқықтық нысандарына қарамастан, ауыл шаруашылығы ұйымдарының, шаруа немесе фермер қожалықтарының, жеке қосалқы шаруашылықтардың егістіктерін, маяларын малдың немесе құстың таптауы, ауыл шаруашылығы дақылдарының алқапта жиналған астығын бүлдіру немесе жою не екпелерін зақымдау |
Жеке тұлғаларға - 20 АЕК, лауазымды тұлғаларға - 50 АЕК |
|
2 -бөлімі |
Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған дәл сол әрекеттер |
Жеке тұлғаларға - 40 АЕК, лауазымды тұлғаларға - 70 АЕК |
|
1-бөлімі |
Сауда қызметін және қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын дара кәсіпкерлердің немесе ұйымдардың кем өлшеуі, таразыдан жеуі, есептен жеуі, тұтынушыларды тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) тұтыну қасиеттеріне немесе сапасына қатысты жаңылыстыруы немесе өзгедей алдауы |
жеке тұлғаларға – 10 АЕК, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – 20 АЕК, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 30 АЕК, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 50 АЕК |
|
1-бөлімі |
Тиісті лицензиялары бар заңды тұлғалардың азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын иелену, сақтау, есепке алу, тасымалдау және олармен сауда жасау тәртібін бұзуы |
50 АЕК |
|
2-бөлімі |
Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет |
80 АЕК |
|
Арнаулы жедел-iздестiру iс-шараларын жүргiзуге арналған арнаулы техникалық құралдарды, жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыруға уәкiлеттiк берілген мемлекеттiк органдардан басқа, тиiстi рұқсаты жоқ тұлғаларға сату |
40 АЕК |
|
Еркiн сауда жасауға Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынған немесе шектелген тауарлармен және өзге де заттармен сауда жасау |
25 АЕК |
|
1-бөлімі |
Темекі бұйымдарының өздерін қоспағанда, өзiнде темекi бұйымының, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдардың, қорқорға арналған темекінің, қорқор қоспасының, темекі қыздыруға арналған жүйелердің, тұтынудың электрондық жүйелерінің және оларға арналған сұйықтықтардың немесе осы бұйым сатылатын немесе тасымалданатын кез келген қораптың, қаптаманың маркасы бар кез келген тауарларды қасақана тарату, көрмеге қою, сату |
жеке тұлғаларға – 20 АЕК, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – 40 АЕК, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 50 АЕК, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 70 АЕК |
|
2-бөлімі |
Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер |
жеке тұлғаларға – 25 АЕК, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – 50 АЕК, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 100 АЕК, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 150 АЕК |
|
1-бөлімі |
Темекі және темекі бұйымдары туралы ақпарат жөніндегі заңнама талаптарын бұзу |
жеке тұлғаларға – 10 АЕК, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – 25 АЕК, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 40 АЕК, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 50 АЕК |
|
2-бөлімі |
Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет |
жеке тұлғаларға – 15 АЕК, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – 40 АЕК, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 70 АЕК, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 100 АЕК |
|
1-бөлімі |
Жергiлiктi атқарушы орган белгiлегеннен тыс орындарда сауда жасау |
5 АЕК |
|
2-бөлімі |
Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет |
10 АЕК |
|
2-бөлімі |
Осы баптың бірінші бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекеттер |
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – 10 АЕК, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 20 АЕК, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 50 АЕК |
|
2 -бөлігі |
Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру туралы заңнамалық актісіне сәйкес міндетті сақтандыру шартын жасасуға міндетті тұлғаның міндетті сақтандыру шартын жасаспауы |
жеке тұлғаларға – 10 АЕК, лауазымды адамдарға, жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 160 АЕК, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – 400 АЕК, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне – 1000 АЕК |
|
1- бөлімі |
Шығарындыларда ластағыш заттардың болуы, сондай-ақ олардың жұмыс iстеуi кезiнде шығатын шудың деңгейi белгiленген нормативтерден (техникалық нормативтерден) асатын автомотокөлiк құралдарын және басқа да жылжымалы құралдар мен қондырғыларды пайдалану |
жеке тұлғаларға – 10 АЕК, заңды тұлғаларға – 100 АЕК |
|
2 -бөлімі |
Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет |
жеке тұлғаларға – 20 АЕК, заңды тұлғаларға – 200 АЕК |
|
1-бөлім |
Су шаруашылығы құрылыстары мен құрылғыларын, суды тұтыну мен ағызуды есепке алуға арналған өлшеу құралдарын, сондай-ақ сумен жабдықтаудың өртке қарсы жүйелерiн бүлдіру |
жеке тұлғаларға – 10 АЕК, лауазымды адамдарға, шағын бизнес субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - 20 АЕК, орта бизнес субъектілері - 25 АЕК, ірі бизнес субъектілері бойынша – 50 АЕК |
|
2 -бөлім |
Су шаруашылығы құрылыстары мен құрылғыларын пайдалану қағидаларын бұзу |
жеке тұлғаларға – 10 АЕК, лауазымды адамдарға, шағын бизнес субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - 20 АЕК, орта бизнес субъектілері - 25 АЕК, ірі бизнес субъектілері бойынша – 50 АЕК |
|
2-бөлімі |
Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер |
жеке тұлғаларға – 2 АЕК, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 7 АЕК, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – 17 АЕК, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне 42 АЕК |
|
1 бөлімі |
Қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi жоқ, жануарлар дүниесiн пайдалану талаптарын және (немесе) аң аулау қағидаларын бұзу |
жеке тұлғаларға – 5 АЕК, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – 20 бес АЕК, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 50 АЕК, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне 100 АЕК |
|
1 -бөлімі |
Балық аулау қағидаларын, сондай-ақ балық ресурстары мен басқа да су жануарларын пайдаланудың басқа да түрлерiн жүзеге асыру қағидаларын қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi жоқ бұзушылық |
жеке тұлғаларға – 10 АЕК, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – 30 АЕК, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 50 АЕК, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне 100 АЕК |
|
2-бөлімі |
Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет |
жеке тұлғаларға – 20 АЕК, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – 50 АЕК, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 70 АЕК, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне 150 АЕК |
|
Осы Кодекстің 381-1-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергiлiктi өкiлдi органдары белгiлейтін жасыл екпелердi күтiп-ұстау және қорғау қағидаларын бұзу |
жеке тұлғаларға – 15 АЕК, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 30 АЕК, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 50 АЕК, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне 150 АЕК |
|
1-бөлімі |
Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңын қорғау органдары лауазымды адамдарының кеменi тоқтату туралы заңды талаптарын орындамау, сондай-ақ осы лауазымды адамдардың өздерiне жүктелген өкiлеттiктердi жүзеге асыруына, оның iшiнде кеменi қарап-тексеруiне кедергi келтіру |
70 АЕК |
|
1-бөлімі |
Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңындағы, аумақтық суларындағы (теңізіндегі) және ішкі суларындағы минералдық және биологиялық ресурстарды шетелдіктерге, басқа мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғаларға не шет мемлекеттерге заңсыз беру |
Жеке тұлғаларға – 10 АЕК, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – 20 АЕК, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 40 АЕК, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне – заңсыз берiлген минералдық және биологиялық ресурстар құнының 100 пайызы мөлшерiнде айыппұл. |
|
1-бөлімі |
Жануарларға қатыгездікпен қарау, егер бұл іс-әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса |
жеке тұлғаларға – 5 АЕК, лауазымды адамдарға – 10 АЕК |
|
2-бөлімі |
Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет |
жеке тұлғаларға – 20 АЕК, лауазымды адамдарға – 40 АЕК |
|
1-бөлімі |
Қазақстан Республикасының жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы заңнамасында белгіленген: 1) жануарларды аулауға, уақытша ұстауға және жансыздандыруға; 3) осы Кодекстің 406-бабы бірінші бөлігі 2) тармақшасының үшінші абзацында көзделген жағдайларды қоспағанда, жануарларды зоологиялық питомниктерде, жануарларға арналған панажайларда, зоологиялық жатынжайларда, жануарларды уақытша ұстау пункттерінде, жануарларға арналған оңалту орталықтарында, жылжымалы хайуанаттар бақтарында, контактілі зоопарктерде ұстауға; 4) үй жануарларын ұстауға және серуендетуге; 5) осы Кодекстің 406-бабы бірінші бөлігі 2) тармақшасының бесінші абзацында, 571-бабының 2-1 және төртінші бөліктерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, жануарларды тасымалдауға қойылатын талаптарды бұзу |
жеке тұлғаларға – 10 АЕК, лауазымды адамдарға – 20 АЕК, заңды тұлғаларға – 30 АЕК |
|
2-бөлімі |
Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет |
жеке тұлғаларға – 20 АЕК, лауазымды адамдарға – 30 АЕК, заңды тұлғаларға – 40 АЕК |
|
1-бөлімі |
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті өкілді органдары белгілеген ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бұзу |
3 АЕК |
|
2-бөлімі |
Жеке тұлғалардың мүлкіне залал келтіруге әкеп соққан дәл сол әрекет |
10 АЕК |
|
Ауыл шаруашылығы дақылдары егiстiктерiнде, бақшаларда, жүзiмдiктерде, питомниктер мен парктерде, егiн алқабының, суландыру және ирригациялық-мелиоративтiк желiлердiң жиегiнде, тас және темiржолдардың оқшау белдеулерiнде, ұйымдардың аумақтарында, қалалар, кенттер мен басқа да елдi мекендер тұрғындарының жер учаскелерiнде, сондай-ақ мемлекеттiк орман және су қорлары, мемлекеттiк запас жерінде және нұсқамадан кейiн ұйымдарға бекiтiлiп берiлген жерде жабайы сораны жоюға шаралар қолданбау |
жеке тұлғаларға – 10 АЕК, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 40 АЕК, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 70 АЕК, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 100 АЕК |
|
Сора, көкнәр немесе құрамында есiрткi заттары бар басқа да өсiмдiктер егiстiктерiн, осы дақылдардың өнiмiн сақтау мен өңдеу орындарын күзетудiң белгiленген режимiн қамтамасыз етуге шаралар қолданбау, сол сияқты құрамында есiрткi заттары бар аңыз қалдықтарын және өндiрiс қалдықтарын жоюға шаралар қолданбау |
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 60 АЕК, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 100 АЕК, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 200 АЕК |
|
1-бөлімі |
Ойын-сауық мекемесі, сондай-ақ білім беру ұйымы иесінің есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды өткізудің және (немесе) медициналық емес тұрғыдан тұтынудың жолын кесуге шаралар қолданбауы |
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – 150 АЕК, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 300 АЕК, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 1000 АЕК |
|
2-бөлімі |
Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) |
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – 200 АЕК, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 400 АЕК, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 2000 АЕК |
|
1-бөлімі |
Медициналық, фармацевтикалық қызметпен айналысуға рұқсат беру құжаттарын алу кезiнде көрiнеу жалған мәлiметтер мен ақпарат, оның iшiнде құжаттарды бұрмалау жолымен беру, егер бұл iс-әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса |
жеке тұлғаларға – 10 АЕК, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – 15 АЕК, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 20 АЕК, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 30 АЕК |
|
2 бөлімі |
Әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған дәл сол іс-әрекет |
жеке тұлғаларға – 20 АЕК, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – 30 АЕК, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 40 АЕК, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 60 АЕК |
|
1-бөлімі |
Денсаулық сақтау субъектілерінің ақпаратты: 1) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органға - айналадағыларға қауіп төндіретін инфекциялық аурулар, уланулар жағдайлары туралы; 2) медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік органға - жүкті, босанатын әйелдердің, босанған әйелдердің босанғаннан кейін күнтізбелік қырық екі күн ішінде қайтыс болу, пациенттерге жоспарлы медициналық көмек (медициналық-санитариялық алғашқы көмек және мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялық медициналық көмек) көрсету кезінде олардың кенеттен қайтыс болу жағдайлары туралы; 3) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органға - төтенше ахуалдардың медициналық-санитариялық салдарының туындау қатері және (немесе) туындауы туралы; 4) ішкі істер органдарына - жаңа алған жарақаттар, жаралар, жүктілікті жасанды үзуді заңсыз жүргізу, тұрмыстық зорлық-зомбылық себебі бойынша жүгінген адамдар туралы, айналадағыларға қауіп төндіретін аурулар жағдайлары туралы мәліметтерді беру (шұғыл хабарлау) жөніндегі міндеттерді бұзуы |
жеке тұлғаларға – 5 АЕК, лауазымды адамдарға 10 АЕК |
|
1-бөлімі |
Жеке тұлғалардың спорттық және спорттық-бұқаралық, ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларда жүріс-тұрыс қағидаларын: 1) спорттық және спорттық-бұқаралық, ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін орындарға алкоголь өнімін, металл, шыны ыдыстағы өнімді, пиротехникалық бұйымдарды және пайдаланылуы адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіруі не жеке және заңды тұлғаларға материалдық нұқсан келтіруі мүмкін өзге де заттарды алып кіру; 2) спорттық және спорттық-бұқаралық, ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін уақытта әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектiк-топтық және рулық алауыздықты қоздыруға бағытталған, сол сияқты жеке тұлғалардың құқықтарын кемсітетін плакаттарды, эмблемаларды, транспаранттарды және өзге де көрінетін заттарды пайдалану түрінде бұзуы, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса |
20 АЕК |
|
2-бөлімі |
Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет |
40 АЕК |
|
1-бөлімі |
Ортақ пайдаланылатын орындарды, саябақтарды, скверлердi ластау, оның iшiнде белгiленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастау |
5 АЕК |
|
2-бөлімі |
Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер |
10 АЕК |
|
1-бөлімі |
Жеке тұлғалардың қалыпты демалысы мен тыныштығына кедергі келтіретін, сағат 22-ден таңғы 9-ға дейін тыныштықты бұзу, оның ішінде тұрғынжайда және оның сыртында шұғыл қажеттілікпен байланысы жоқ шу шығаратын жұмыстарды жүргізу, сол сияқты тұрғын ғимараттарда және тұрғын үй құрылысы аумақтарында орналасқан ойын-сауық орындарының жұмыс күндері сағат 22-ден таңғы 9-ға дейін, демалыс және мереке күндері сағат 23-тен таңғы 10-ға дейін тыныштықты бұзуы |
жеке тұлғаларға – 5 АЕК, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 20 АЕК, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 30 АЕК, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 100 АЕК |
|
2-бөлімі |
Әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған дәл сол әрекет |
жеке тұлғаларға – 10 АЕК, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 40 АЕК, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 60 АЕК, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 150 АЕК |
|
1-бөлімі |
Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарын, полицияны, медициналық жедел жәрдемдi, авариялық қызметтердi көрiнеу жалған шақыру |
30 АЕК |
|
2-бөлімі |
Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған не аварияларды, өрттердi, дүлей зілзала салдарын жою кезеңiнде жасалған әрекеттер |
60 АЕК |
|
1-бөлімі |
Жергiлiктi атқарушы орган алкогольдік ішімдіктерді құйып сатуға рұқсат еткен сауда және қоғамдық тамақтандыру ұйымдарынан басқа, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға адамның қадiр-қасиетiн және қоғамдық имандылықты қорлайтын масаң күйде келу |
5 АЕК |
|
2-бөлімі |
Он сегіз жасқа толмаған адамдардың қоғамдық орындарға масаң күйде келуі, сол сияқты олардың алкогольдік ішімдіктерді ішуі |
ата-анасына немесе оларды алмастыратын адамдарға 5 АЕК |
|
1-бөлімі |
Осы баптың 1-2-бөлігінде көзделген жағдайды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салу белгіленген орындарда темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді, тұтынудың электрондық жүйелерін және оларға арналған сұйықтықтарды тұтыну |
15 АЕК |
|
1-2 бөлімі |
Әуе кемесінің бортында темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді, тұтынудың электрондық жүйелерін және оларға арналған сұйықтықтарды тұтыну |
50 АЕК |
|
2-бөлімі |
Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет |
20 АЕК |
|
3-бөлімі |
Жұмыс берушiнiң темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді, тұтынудың электрондық жүйелерін және оларға арналған сұйықтықтарды бұл үшiн арнайы айқындалмаған орындарда тұтынатын адамдарға шаралар қолданбауы |
лауазымды адамдарға, шағын бизнес субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 20 АЕК, орта бизнес субъектілері бойынша - 40 АЕК, ірі бизнес субъектілеріне - 60 АЕК |
|
1-бөлімі |
Автомобиль көлік құралында кәмелетке толмаған адамдар болған кезде оларда темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді, тұтынудың электрондық жүйелерін және оларға арналған сұйықтықтарды тұтыну |
10 АЕК |
|
2-бөлімі |
Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет |
20 АЕК |
|
1-бөлімі |
Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз сағат 22-ден таңғы 6-ға дейін ойын-сауық мекемелерінде болуы |
заңды өкілдеріне 3 АЕК |
|
1-бөлімі |
Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын адамның заңды талабына бағынбау |
5 АЕК |
|
1-бөлімі |
Қазақстан Республикасы азаматтарының міндетті дактилоскопиялық тіркеуден өтуден бас тартуы |
2 АЕК |
|
3-бөлімі |
Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктердің немесе азаматтығы жоқ адамдардың міндетті геномдық тіркеуден өтуден бас тартуы |
5 АЕК |
|
2-бөлімі |
Қазақстан Республикасының жиырма бір жасқа дейінгі азаматтарын құмар ойындармен және (немесе) ақшаға, заттарға және өзге де құндылықтарға бәс тігумен айналысуға тарту және (немесе) рұқсат ету |
200 АЕК |
|
Мемлекет қорғайтын тарих және мәдениет ескерткiштерiн қорғау мен пайдалану қағидаларын бұзу |
жеке тұлғаларға – 5 АЕК, лауазымды адамдарға 10 АЕК |
|
1-бөлімі |
Қоғамдық орындарда заттарды өзгеше тәсілмен сатып алу, сату, айырбастау немесе иемдену мақсатында кәсіпкерлік субъектісі болып табылмайтын адам жасаған, сондай-ақ бал ашу, қайыршылық, сексуалдық сипатта қызметтер көрсету не өзге де қызметтер көрсетуді күштеп таңу мақсатында тиісу, яғни мазалап өтініш білдіру |
5 АЕК |
|
1-бөлімі |
Көрінеу жезөкшелікпен айналысу немесе жеңгетайлық үшін үй-жайлар ұсыну |
Жеке тұлғаларға және лауазымды адамдарға – 100 АЕК, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – 150 АЕК, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - 300 АЕК, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 1000 АЕК |
|
1-бөлімі |
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін заңсыз пайдалану, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұза отырып пайдалану және орындау |
50 АЕК |
|
2-бөлімі |
Мемлекеттік рәміздерді пайдалану мiндеттi болып табылатын жағдайларда оларды пайдаланбау |
лауазымды адамдарға 50 АЕК |
|
3-бөлімі |
Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер |
100 АЕК |
|
1-бөлімі |
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген лицензиялау нормаларын бұзу, оның iшiнде лицензияланатын қызмет түрлерiне қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келмеу |
жеке тұлғаларға – 15 АЕК, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 45 АЕК, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 80 АЕК, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 150 АЕК |
|
2-бөлімі |
Лицензиаттың лицензия алған кезде көрінеу анық емес ақпарат беруі, сол сияқты осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік), сондай-ақ лицензияның қолданылуын тоқтата тұру мерзімі өткеннен кейін әкімшілік жауаптылыққа әкеп соққан, лицензиялау нормаларын бұзушылықтарды жоймау |
жеке тұлғаларға – 40 АЕК, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 100 АЕК, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 150 АЕК, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 300 АЕК |
|
1-бөлімі |
Жеке немесе заңды тұлғалардың күзет дабылы құралдарын монтаждау, баптау және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметке "Күзет қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында қойылатын талаптарды бұзуы |
жеке тұлғаларға – 10 АЕК, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – 55 АЕК, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 100 АЕК, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 150 АЕК |
|
2-бөлімі |
Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет, сол сияқты осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жауаптылыққа тартуға әкеп соққан бұзушылықты жоймау |
жеке тұлғаларға – 40 АЕК, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – 95 АЕК, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 150 АЕК, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 300 АЕК |
|
1-бөлімі |
1. Қазақстан Республикасының күзет қызметі саласындағы заңнамасын: 1) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен, мемлекеттік күзетілуге жататын объектілердің инженерлік-техникалық нығайтылуын қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды орындамау және (немесе) тиісінше орындамау; 2) шетелдік заңды тұлғаларға, шетел қатысатын заңды тұлғаларға, шетелдіктерге, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдарға күзет қызметінің барлық түрін жүзеге асыру; жеке күзет ұйымдарын құру немесе олардың құрылтайшылары (қатысушылары) болу; сенімгерлік басқаруында жеке күзет ұйымы болу құқықтарын беру; 3) жеке күзет ұйымының күзетшісі лауазымына "Күзет қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 6-тармағының талаптарына сай келмейтін адамдарды қабылдау; 4) күзетшіні өзінің лауазымдық міндеттерін атқару кезінде оның жеке басын және жеке күзет ұйымына тиесілі екенін куәландыратын белгіленген үлгідегі құжатпен және арнаулы киіммен қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды орындамау; 5) "Күзет қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-1-бабында көзделген шектеулерді сақтамау; 6) жеке күзет ұйымында басшы және күзетшi лауазымын атқаратын жұмыскерлердi даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі қызметті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды бұза отырып жүзеге асыру түрінде жасалған бұзушылық |
лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – 40 АЕК, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - 80 АЕК, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 100 АЕК |
|
1-1-бөлімі |
Жеке күзет ұйымдарында күзетші қызметінде жұмыс істейтін жұмыскерлердің дайындалып жатқан не жасалған қылмыстар туралы, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын iс-әрекет белгiлерi болмаса, не аумағында қару, оқ-дәрілер және жарылғыш заттар бар күзетілетін объектілерден күзет дабылының қосылғаны туралы өздеріне белгілі болған фактілерді жасыруы, сол сияқты ішкі істер органдарын хабардар етпеуі |
5 АЕК |
|
2-бөлімі |
Осы баптың бірінші және 1-1-бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік), сол сияқты осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жауаптылыққа тартуға әкеп соққан бұзушылықты жоймау |
жеке тұлғаларға – 10 АЕК, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – 80 АЕК, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 130 АЕК, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 150 АЕК |
|
1-бөлімі |
Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамның әкiмшiлiк қадағалау қағидаларын немесе өзiне қатысты сот белгілеген шектеулерді орындамауы |
10 АЕК |
|
1-бөлімі |
Қаруды сақтауға, сақтау мен алып жүруге iшкi iстер органдарының рұқсаты бар адамдардың азаматтық, қызметтік, марапаттық, коллекциялық қаруды, оның патрондарын иелену, беру, есепке алу, сақтау, пайдалану, тасымалдау, Қазақстан Республикасының аумағына әкелу, Қазақстан Республикасының аумағынан әкету және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен өткізу тәртібін бұзуы |
жеке тұлғаларға – 10 АЕК, заңды тұлғаларға 20 АЕК |
|
2-бөлімі |
Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет |
жеке тұлғаларға – 20 АЕК, заңды тұлғаларға 40 АЕК |
|
1-бөлімі |
Атыс, ұңғысыз атыс қаруын, газды қаруды, жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар газды қаруды, пневматикалық, лақтырылатын және электрлі қаруды құқыққа сыйымсыз қолдану, егер бұл әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса |
20 АЕК |
|
2-бөлімі |
Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет |
40 АЕК |
|
1 бөлімі |
Атыс тирлері (атыс орындары) мен стендтерін ашу және олардың жұмыс істеу тәртібін бұзу |
20 АЕК |
|
2 бөлімі |
Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет |
40 АЕК |
|
1-бөлімі |
Азаматтық, қызметтiк, марапаттық, коллекциялық қаруды тiркеу (қайта тiркеу) не оны есепке қою тәртібін: 1) жеке тұлғаның қаруды сақтауға, сақтау мен алып жүруге рұқсатты тіркеу және (немесе) алу; 3) қару иесiнiң өзіне тиесiлi қарудың жоғалғаны немесе ұрланғаны туралы iшкi iстер органын хабардар ету; 4) жеке тұлғаның тұрғылықты жерді өзгерткен кезде қаруды есепке қою үшiн iшкi iстер органдарына өтiнiш жасау; 5) заңды тұлғаның қызметтiк, азаматтық, коллекциялық қаруды иеленгеннен кейiн оны iшкi iстер органдарында тiркеу; 6) азаматтық қарудың иесі қайтыс болған жағдайда оны қайта тіркеу немесе комиссиялық өткізуге тапсыру; 7) заңды тұлғаның қаруды сақтауға, сақтау мен алып жүруге рұқсаттың қолданылу мерзімі аяқталған, сол сияқты оны ішкі істер органдарымен келіспестен филиалдарға (өкілдіктерге) беру кезінде қаруды тіркеу (қайта тіркеу) үшін ішкі істер органдарына өтініш жасау мерзімдерінің бұзылуынан болған бұзушылық |
жеке тұлғаларға – 15 АЕК, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 20 АЕК, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 30 АЕК, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 40 АЕК |
|
2-бөлімі |
Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет |
жеке тұлғаларға – 20 АЕК, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 30 АЕК, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 40 АЕК, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 70 АЕК |
|
Азаматтық қаруды, оның патрондарын сақтауға және алып жүруге рұқсатының күші жойылған жеке тұлғалардың оларды өткізу үшiн тапсырудан жалтаруы |
5 АЕК |
|
1-бөлімі |
Қоғамдық бiрлестiк басшыларының, мүшелерiнiң не қоғамдық бiрлестiктiң осы қоғамдық бірлестіктердің жарғыларында айқындалған мақсаттар мен мiндеттердiң шегiнен шығатын әрекеттер жасауы |
заңды тұлғаларға 100 АЕК |
|
9-бөлімі |
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелмеген, сол сияқты қызметі тоқтатыла тұрған немесе оған тыйым салынған қоғамдық, діни бірлестіктердің қызметіне басшылық жасау |
100 АЕК |
|
10-бөлімі |
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тiркелмеген, сол сияқты қызметi тоқтатыла тұрған немесе оған тыйым салынған қоғамдық, дiни бiрлестiктердiң қызметiне қатысу |
50 АЕК |
|
11-бөлімі |
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тiркелмеген, сол сияқты қызметi тоқтатыла тұрған немесе оған тыйым салынған қоғамдық, дiни бiрлестiктердiң қызметiн қаржыландыру |
200 АЕК |
|
2-бөлімі |
Қазақстан Республикасы азаматтарының бір айдан астам мерзімде жеке куәлiксiз немесе жарамсыз жеке куәлікпен не тұрғылықты жері бойынша, уақытша болатын (тұратын) жері бойынша тiркеусіз тұруы |
7 АЕК |
|
3-бөлімі |
Осы баптың бірiншi және екінші бөлiктерінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекет |
13 АЕК |
|
4-бөлімі |
Қазақстан Республикасында шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның күнтізбелік он күннен астам мерзімде тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркеусіз не тұруға ықтиярхатсыз немесе азаматтығы жоқ адам куәлiгінсiз не тұруға ықтиярхаты, азаматтығы жоқ адам куәлігі жарамсыз болып тұрақты тұруы, сондай-ақ ішкі істер органдарын паспорттың, тұруға ықтиярхаттың не азаматтығы жоқ адам куәлігінің жоғалғаны туралы уақтылы хабардар етпеуі |
10 АЕК |
|
5-бөлімі |
Осы баптың төртінші бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейін бір жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекеттер |
20 АЕК |
|
1-бөлімі |
Тұрғынжай меншік иесінің немесе қарамағында тұрғынжайлар, ғимараттар және (немесе) үй-жайлар бар басқа да тұлғалардың меншiк иесiне тиесілі немесе басқа да тұлғалардың қарамағындағы тұрғынжайларда, ғимараттарда және (немесе) үй-жайларда нақты тұрмайтын жеке тұлғаларды тiркеуге жол беруi |
жеке тұлғаларға – 10 АЕК, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 15 АЕК, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 25 АЕК, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне |