Жұмысшының айлық жалақысының мөлшері жұмысшының біліктілігіне, жұмыстың қиындығы, саны мен сапасына, сонымен қатар еңбек шaртына байланысты дифференциялы түрде бекітіледі.
Жұмыс уақытының нормасын нақты кезеңде атқарған және еңбек нормасын (еңбек міндеттемелері) толық орындаған жұмысшының айлық жалақысының мөлшері Қазақстан Республикасының заңымен бекітілген минималды айлық жалақы мөлшерінен кем болмауы тиіс.
Жалақының ең төмен мөлшерін бекіту:
Сағаттық еңбек ақы төлемі
Еңбек, ұжымдық және (немесе) жұмыс берушінің актісіндегі шарттармен толық жұмыс күні болмаса немесе толық қызмет етпесе істеген жұмысқа ғана, сонымен қатар уақытша немесе бір реттік сипаттағы жұмыстарға сағаттық төлем бекітіледі.
Жұмыс уақытын жиынтық есепке алу кезінде еңбекке ақы төлеу ауысымдық кесте (вахталар кестесі) бойынша нақты жұмыс істеген жұмыс сағаттарының саны бойынша жүргізіледі. Бұл ретте жалақыны есептеу тиісті күнтізбелік жылға арналған жұмыс уақыты балансына сәйкес тарифтік мөлшерлеме (лауазымдық айлықақы) және жұмыс уақытының айлық нормасы негізге алына отырып есептелген сағаттық тарифтік мөлшерлеме бойынша жүргізіледі.
Жалақыны индекстеу
Жалақыны көтеруге, Қазақстан Республикасының сәйкес жылға арналған нормативтік құқықтық актілерінде анықталған инфляция деңгейінен тыс, келісімдермен, ұжымдық келісім-шарт немесе жұмыс берушінің актісінде бекітілген тәртіпте, жұмыс берушімен жүзеге асырылатын жалақыны индекстеу кіреді.