
Еңбекті нормалау – бұл жұмысшының нақты ұйымдастырушылық-техникалық жағдайда жұмыстарды атқаруға (өнім бірлігін дайындау) кеткен еңбек шығындарын (уақыт) анықтау және сол негізде еңбекті нормалау.
Еңбек (өндіру, уақыт, қызмет көрсету) нормасы дегеніміз еңбек шығынының өлшемі болып табылады және өндіріс пен еңбек ұйымының, техниканың, технологияның жеткен деңгейіне сәйкес жұмысшының біліктілігіне орай бекітіледі.
Еңбек жөніндегі ережелердің әзірлеуі, орнатылуы, ауысуы және қайта қарау жұмыс берушімен еңбек жөніндегі өкілетті мемлекеттік органмен бекітілген тәртіпте жүргізіледі.
Еңбек орындарының оңтайландыру мен аттестацияулау кезеніндегі еңбек ережелері міндетті аусуға, жаңа техниканың, технологиялардың және техникалық-ұйымдастыру шаралар еңбек өндірімділіктің арттыруы үшін орнатылуы тиіс.
Жекелеген жұмысшылар өз ықыласымен еңбектің жаңа тәсілдерін пайдаланып, жұмыс орындарын жетілдіру нәтижесінде өнім өндірудің (қызмет көрсету) жоғары деңгейіне жетсе, бекітілген еңбек нормасын қайта қарау қажет болып саналмайды.
Жаңа еңбек ержелерінің еңгізілуі туралы жұмысшылар бір айдан кешікпей жұмыс беруші арқылы хабарландырылуы тиіс.
Еңбек ережелерінің әзірленуі кезінде келесі жағдайлар қамсаздандырылуы қажет:
Ұйымдастырудағы тарифтердің (бағалардың, мөлшерлердің,алымдардың) мемлекеттік реттеу еңгізілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) еңбек нормалары мемлекеттік органдарының жарамды салаларындағы еңбек жөніндегі өкілетті мемлекетті огандарымен бекітілген тәртібінде мақұлданады.
Қызметтің тиісті салаларындағы уәкілетті мемлекеттік органдар ұйымдардың еңбек жөніндегі үлгілік нормалары мен нормативтерін еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен, онымен келісу бойынша бекітеді.
Еңбек жөніндегі өкілетті органының ұйғаруымен сәйкестендірілген істер саласындағы техникалық қызмет көрсету және мемлекеттік органдарының қызметтер жасалуын қамтамасыз ететін мемлекеттік органдарымен жұмысшылардың саны бойынша нормативтер әзірленіп бекітіледі.
Техникалық қызмет көрсету мен мемлекеттік органдарының жұмыс жасалуын қамтамасыз ететін бірыңғай салааралық жұмысшылар саны бойынша нормативтер еңбек жөніндегі мемлекеттік органымен әзірленіп бекітіледі.
Жұмыскерлерге қойылатын біліктілік талаптары және белгіленген жұмыс түрлерінің қиындылығы кәсіптік стандарттарының негізінде, ал олар болмаса жұмыскерлердің мамандықтары мен жұмыстарының Бірыңғай тарифтік-біліктіленген анықтамасы (БТБА), бас жетекші мен басқа мамандардың булуктілік анықтамасы (БА), жұмысшылар тарифті-біліктілік мамандарының мен қызмет ететін басқа мекемелер жұмысшыларының мінездемелері арқылы орнатылады.
Олардың әзірленуін, бекітілу тәртіптерін әрі қарастырылуын еңбек жөніндегі өкілетті орган орналастырылады.
БТБА, БА, мемлекеттік мекемелердің әрі қазыналық кәсіпорындар бөлек мамандықтарының қызметкерлері барлық жұмыс өрістері үшін біліктілік мінездемелері еңбек бойынша өкілетті мемлекеттік органдарымен әзірленіп бекітіледі. Жетекшілер қызметтері мен қызметтік кәсіпорындарының мамандықтарының типтік біліктілік мінездемелері еңбек бойынша өкілетті мемлекеттік органымен әзірленіп бекітіледі.
Еңбек жөніндегі өкілетті мемлекеттік орган әкімшілік қызметкерлер құрамына кіретін жұмыскерлердің мамандықтар атауларын әзірленіп бекітеді.
2023 жылы қабылданған «Кәсіби біліктіліктер туралы» Заң Ұлттық біліктіліктер жүйесінің (ҰБЖ) барлық элементтерін жүйелеуге, біліктілікті растаудың бірыңғай шарттары мен тәртібін белгілеу үшін құқықтық негіз құруға, сондай-ақ біліктіліктер жүйесін реттеуді біріздендіруге мүмкіндік берді.
Бүгінгі күні Ұлттық біліктіліктер жүйесінің барлық құрамдас бөліктерін әзірлеу үшін жауапты органдар айқындалды. Ұлттық біліктілік шеңбері бойынша — Білім беру саласындағы уәкілетті органдармен бірлесіп Қазақстан Республикасы Еңбек министрлігі жауапты болып табылады.
Салалық біліктілік шеңберлері үшін – салалық уәкілетті органдар жауапты.
Кәсіби стандарттар бойынша – сол салалық уәкілетті органдар Қазақстан Республикасы Еңбек министрлігімен келісу арқылы жүзеге асырады.
Кәсіптер тізілімін қалыптастыру бойынша – салалық уәкілетті органдар қауымдастықтар мен жұмыс берушілердің ұсыныстары негізінде Қазақстан Республикасы Еңбек министрлігімен келісу арқылы жүзеге асырады.
Сонымен қатар Ұлттық біліктіліктер жүйесінің ұлттық дерекқоры болып табылатын Career.Enbek ҰБЖ-нің «экожүйелік» цифрлық платформасы құрылды. Онда біліктіліктер жүйесі туралы барлық ақпарат жинақталған, ҰБЖ-нің негізгі құралдары бойынша өзекті ақпаратқа қолжетімділік қамтамасыз етілген, Ұлттық және салалық кеңестердің қызметі туралы мәліметтер ұсынылған, сондай-ақ кәсіби біліктіліктерді тану рәсімінен өтуге арналған функционалдар енгізілген.
Ұлттық біліктілік шеңбері әрбір біліктілік деңгейі үшін кәсіби қызметтің жалпы сипаттамаларын сипаттаудан тұрады.
Ұлттық біліктілік шеңберін әзірлеу және (немесе) өзектендіру білім беру, ғылым және жоғары білім салаларындағы уәкілетті органдармен бірлесіп уәкілетті орган тарапынан жүзеге асырылады.
Салалық біліктілік шеңбері сала шеңберінде атқарылатын жұмыстардың күрделілігіне және қолданылатын білімдер, дағдылар мен құзыреттердің сипатына қарай маманның біліктілікке қойылатын талаптарын деңгейлер бойынша жіктейді.
Салалық біліктілік шеңберлерін әзірлеу және (немесе) өзектендіру уәкілетті орган белгілеген тәртіппен салалық мемлекеттік органдар арқылы жүзеге асырылады. Салалық біліктілік шеңберлері кәсіби біліктіліктер жөніндегі салалық кеңестермен бекітіледі.
Кәсіби стандарт – нақты кәсіби қызмет саласындағы білімге, икемділікке, дағдыға, жұмыс тәжірибесіне, формалды және (немесе) формалды емес, және (немесе) информалды білімді ескере отырып, біліктілік пен құзыреттілік деңгейіне, мазмұнына, сапасына және еңбек жағдайларына қойылатын жалпы талаптарды белгілейтін жазбаща ресми құжат.
Кәсіби стандарттарды әзірлеу және (немесе) өзектендіру Қазақстан Республикасының кәсіптердің ұлттық классификаторы, салалық біліктілік шеңберлері негізінде, уәкілетті орган белгілеген тәртіппен салалық мемлекеттік органдар арқылы жүзеге асырылады.
Кәсіби стандарттарды бекіту салалық мемлекеттік органдар арқылы жүзеге асырылады, бұл салалық кәсіби біліктіліктер жөніндегі кеңеспен және уәкілетті органмен келісу негізінде, Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлер Ұлттық палатасының ұсыным сипатындағы қорытындысын ескере отырып жүзеге асырылады.
Бекітілген кәсіби стандарттар тізімін жүргізу уәкілетті орган арқылы Ұлттық біліктіліктер жүйесінің цифрлық платформасында жүзеге асырылады.
Жұмыс берушілердің бірлестіктері (қауымдастықтар, одақтар) салалық мемлекеттік органдармен келісу арқылы өз қаражаты есебінен кәсіби стандарт жобасын әзірлеп, оны қарау үшін салалық мемлекеттік органға жолдай алады.