
Сұхбаттасуға келгенде сізге болашақ жалақыңыздың мөлшерін атаған жағдайды елестетіп көрейік. Қолыңызға қанша алатыныңызды түсіну үшін, сіз еңбекақыдан салық және зейнетақы аударымдарын құрайтын шамамен 20% шегересіз және «таза еңбекақы» сомасын аласыз. Бірақ дәл 20% шегеру дұрыс па, зейнетақы және салық аударымдары еңбекақының қандай бөлігін құрауы тиіс, осының барлығына жауапты осы мақаладан табасыз.
Ай сайын жұмыс беруші жалақы сомасынан болашақ зейнетақы шотына міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және жеке табыс салығы (ЖТС) шегерілетінін атап өтеміз.
Осы мақаланы оқып, сіз бухгалтердің көмегінсіз өзіңіз «таза» жалақының нақты сомасын есептей аласыз.
Сонымен бірінші кезекте жалақыдан «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңының 25-бабы негізінде 10% мөлшерінде шегеріледі. Алайда, 50 ең төменгі жалақы мөлшеріне тең (50 ЕТЖМ (2022 жылға 3000 000 тнг)) міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін ең жоғары ықтимал табыс түрінде шектеулер бар.
Жеке табыс салығы (ЖТС) сондай-ақ МЗЖ шегергеннен кейінгі қалған сомадан 10% құрайды (ҚР Салық кодексінің 320-бабына сәйкес), бірақ ол сәл басқаша есептеледі. Салық кодексінде мөлшері 1 ЕТЖ (2022 жылға 60 000 теңге) табыс салығы салынбайтын сомма көзделген, ол жыл сайын үлкен жаққа қарай өзгеріп отырады.
Осы есептеу формуласын қарастырайық. Мысал: еңбекақы мөлшері 90 000 теңге.
*Бұл есеп есептелген табысы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 25 еселенген мөлшерінен асатын қызметкерлер үшін көзделген.