Қазақстанда автокөліктердің мемлекеттік нөмірлері. Жоғалған кезде алу және қалпына келтіру тәртібі

МТНБ немесе көлік құралдарына мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі – Қазақстандағы әр көлік құралының міндетті белгісі. 2012 жылдан бастап жаңа үлгідегі МТНБ беру халықаралық стандарт нөмірлерінің негізінде басталды. Ескі үлгідегі нөмір белгілерін беру тоқтатылған, алайда нөмірлерді міндетті ауыстыру талап етілмейді. Жаңа үлгідегі нөмірлер олар толық тозғанға дейін пайдаланылатын болады.

Автоға мемлекеттік нөмірді қалай алуға болады?

Автокөлікті сатып алуда, рәсімдеуден емесе қайта рәсімдеуде әр кезең өте маңызды, оның соңғыларының бірі автоға мемлекеттік нөмірлерді алу болып табылады. Мемлекеттік нөмірді қалай дұрыс алу керек және қажетті құжаттарды жинауда өз уақытыңызды үнемдеудің неғұрлым қолайлы тәсіл туралы аталмыш мақалада білесіз.

Автокөлікке нөмірлер алу үшін Сізге «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ның филиалына жүгіну қажет.

Қажетті құжаттар:

1. Жеке басты куәландыратын құжат;

2. Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес салық төлеуші болып табылмайтын тұлғалар үшін – салық төлеуден босату құқығын растайтын құжат;

3. Тіркеу туралы куәлік ТС (техпаспорт);

4. Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі (МТНБ), «Транзит» белгілері және кері шығару туралы міндеттемемен Қазақстан Республикасына енгізілген көлік құралдарының тіркеу құжаттары.

5. Меншік құқығын растайтын келісімшарт (мәмілешарты, мәміленің жазбашаны саны және т.б.).

Мемлекеттік баж алымы:

Тіркеуүшін алым - 0,25 айлықесептіккөрсеткіш (АЕК) (ҚазақстанРеспубликасында КҚ алғашқытіркеужағдайларынанбасқа);

Көлікқұралынтіркеутуралыкуәлік үшін-1,25 АЕК;

МТНБ үшін:

Автомобильге - 2,8 АЕК, мотоциклгежәнетіркемеге - 1,4 АЕК, транзит - 0,35 АЕК.

Егер сіз автоға мемлекеттік нөмірді жоғалтсаңыз

Мемлекеттік нөмірді жоғалтқан ауданда сізге табылғандар бюросына жүгіну қажет.

Әріқарай, егер Сіздің мемнөміріңіз табылмаса, онда Сізге жаңа МТНБ алу үшін мемнөмірді жоғалту туралы ерікті түрде өтінішпен «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ филиалдарына  жүгіну қажет.

Қажетті құжаттар:

1. Жеке бастыкуәландыратын құжат;

2. ТҚ тіркеу туралы куәлік (техпаспорт);

3. Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес салық төлеуші болып табылмайтын тұлғалар үшін – салық төлеуден босату құқығын растайтын құжаттар.

Көлік құралы иесінің Мемлекеттік корпорация үй-жайларында қолда бардан МТНБ таңдау, сондай-ақ жоғары сұранысқа ие, белгілі цифрлық және (немесе) әріптік белгіленуі бар, қолда жоқ бос МТНБға тапсырыс беруге құқығы бар.

Көлік құралдары иелерінің қолда бар МТНБ тізбесіне қолжетімділігі тиісті ақпаратты Мемлекеттік корпорацияның үй-жайларында орналастыру жолымен ұйымдастырылады. Қолда бар МТНБ-ның барлық тізбесі міндетті түрде Мемлекеттік корпорацияның ақпараттық жүйелеріне енгізіледі. Жоғары сұранысқа ие емес жаңа МТНБ-ны дайындауға және жеткізуге арналған өтінімге ПД ӘПБ мемлекеттік органдардың, дипломатиялық өкілдіктердің, Қазақстан Республикасында тіркелген халықаралық ұйымдардың және (немесе) оның өкілдіктерінің, консулдық мекемелердің, Қазақстан Республикасында аккредиттелген қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелерінің көлік құралдарына берілетін МТНБ-ны қоспағанда, МТНБ-ны алфавиттік тәртіппен енгізеді.

Көлік құралы иесінің ерік қалауы бойынша ол жүгінген кезде жоғары сұранысқа ие МТНБ-ны таңдау және брондау жүзеге асырылады.

Иесі жоғары сұранысқа ие МТНБ-ның белгілі цифрлық және (немесе) әріптік белгіленуін таңдаған көлік құралын тіркеу МТНБ дайындағаннан кейін жүргізіледі.

Бұрын Мемлекеттік корпорацияға тапсырылған және ұлттық стандарттың талаптарына сәйкес келетін МТНБ көлік құралы иесінің сұрау салуы бойынша ол жаңадан сатып алған көлік құралына қайта беріледі.

Мемлекеттік корпорацияда сақтаудың 30 тәулігі өткенге дейін МТНБ оны беру үшін мемлекеттік баж төленбей беріледі.

МТНБ-ның телнұсқасын берген кезде көлік құралының иесі 2 бірлік МТНБ беру үшін АЕК-ның 2,8 көлемінде, 1 бірлік - 1,4 АЕК көлемінде мемлекеттік баж төленгенін растайтын құжатты ұсынады.Мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктердің, халықаралық ұйымдардың және/немесе олардың Қазақстан Республикасында тіркелген өкілеттіктері, консулдық мекемелері қызметкерлерінің және олардың отбасы мүшелерінің көлік құралдарын, сондай-ақ КҚ мұрагерлікке берілген жағдайда құқықтық мирасқордың (мұрагердің) ерік білдіруі бойынша мұрагер автомобильдерге және автобустарға 2,8 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі - АЕК), мотокөлік пен тіркемелер үшін 1,4 АЕК мөлшерінде мемлекеттік баж салығын төлегеннен кейінгі жағдайды қоспағанда, бұрын пайдалануда болған, оның ішінде жоғары сұраныстағы МТНБ-ларды өзге көлік құралдарының иелеріне беруге жол берілмейді.

р/с

Аймақтың атауы

жаңа үлгідегі
код

ескі үлгідегі
 код

1

Астана қаласы

01

Z

2

Алматы қаласы

02

A

3

Ақмола облысы

03

C

4

Ақтөбе облысы

04

D

5

Алматы облысы

05

B

6

Атырау облысы

06

E

7

Батыс Қазақстан облысы

07

L

8

Жамбыл облысы

08

H

9

Қарағанды облысы

09

M

10

Қостанай облысы

10

P

11

Қызылорда облысы

11

N

12

Маңғыстау облысы

12

R

13

Түркістан облысы

13

X

14

Павлодар облысы

14

S

15

Солтүстік Қазақстан облысы

15

T

16

Шығыс Қазақстан облысы

16

F

17

Шымкент қаласы

17

 

Жаңа үлгідегі мемлекеттік нөмірлері

1. 1-үлгі– заңды тұлғалардың жеңіл автомобильдерінің алдыңғы және артқы мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері, заңды тұлғаларға жататын жүк автомобильдері мен автобустарының алдыңғы мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі.

1А-үлгісі – жеке тұлғалардың жеңіл автомобильдерінің алдыңғы және артқы мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері, жеке тұлғаларға жататын жүк автомобильдері мен автобустарының алдыңғы мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі.

1А-1-үлгісі - Қазақстан Республикасының азаматтарына Армения Республикасының уәкілетті органдарында тіркелген және Қазақстан Республикасына 2020 жылғы 1 ақпанға дейін әкелінген автомобильдерге арналған, "А" серияларындағы алдыңғы және артқы мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері."

1А-2-сурет - "А" сериясындағы артқы мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі.".

2-үлгі – заңды тұлғаларға тиесілі жүк автомобильдері мен автобустардың, сондай-ақ бекіту орны 1-үлгідегі мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісінің габариттеріне сәйкес келмейтін, заңды тұлғалардың жеңіл автомобильдері үшін артқы мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі.

2А-үлгісі – жеке тұлғаларға тиесілі жүк автомобильдері мен автобустардың, сондай-ақ бекіту орны 1А-үлгісіндегі мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісінің габариттеріне сәйкес келмейтін, жеке тұлғалардың жеңіл автомобильдері үшін артқы мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі.

3-үлгі – мотокөлік құралдары (мотоциклдер, мотороллерлер) үшін мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі.

5-үлгі – көлік құралдарының тіркемелері және жартылай тіркемелері үшін мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі.

5А-үлгі - бекіту орны 5-үлгідегі мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісінің габариттеріне сәйкес келмейтін, көлік құралдарының тіркемелері және жартылай тіркемелері үшін мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі.

7-үлгі – жол жүрісіне қатысуға уақытша рұқсат берілген көлік құралдары үшін мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі.

1Г-үлгісі – шет мемлекеттердің делегацияларына ілесіп жүру бойынша хаттамалық іс-шараларға жұмылдырылған автомобильдерге алдыңғы және артқы мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі.

1Г-үлгісі – шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелері дипломатиялық және консулдық құрамының, оларға теңестірілген, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде акредиттелген халықаралық ұйымдар өкілдіктерінің қызметтік және жеке автомобильдеріне "D" сериялы алдыңғы және артқы мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі.

2Г-үлгі  – "D" сериясының артқы мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі.

1Г-үлгі  – шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелері, оларға теңестірілген Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде акредиттелген халықаралық ұйымдардың өкілдіктері әкімшілік-техникалық персоналының қызметтік және жеке автомобильдеріне "Т" сериялы алдыңғы және артқы мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі.

2Г-үлгі – "Т" сериясының артқы мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі.

3Г-үлгі  – шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелері, оларға теңестірілген Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде акредиттелген халықаралық ұйымдардың өкілдіктері дипломатиялық және консулдық құрамының, әкімшілік-техникалық персоналының қызметтік және жеке мотокөлік құралдарына "D" және "Т" сериялы мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері.

1Д-үлгі  – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде акредиттелген шетелдік мемлекеттер Құрметті консулдарының қызметтік және жеке автомобильдеріне "НС" сериялы алдыңғы және артқы мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі.

2Д-үлгі – "НС" сериясының артқы мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі.

1Д-үлгі – Қазақстан Республикасындағы шетелдік заңды тұлғалар филиалдарының және өкілдіктерінің автомобильдеріне "М" сериялы алдыңғы және артқы мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі.

2Д-үлгі  – "М" сериялы артқы мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі.

1Д-үлгі  – Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген шетелдіктер қатысатын заңды тұлғалардың автомобильдеріне арналған "Н" сериялы алдыңғы және артқы мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі.

2Д-үлгі – "Н" сериялы артқы мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі.

1Д-үлгі  – шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға арналған "Ғ" сериялы алдыңғы және артқы мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі.

2Д-үлгі - "Ғ" сериялы артқы мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі.

3Д-үлгі  - Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген шетелдіктер қатысатын заңды тұлғалардың, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың мотокөлік құралдарына арналған "Н" және "Ғ" сериялы мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі.

3Д-үлгі  – Қазақстан Республикасында тіркелген шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктерінің қызметтік мотокөлік құралдарына арналған "М" сериялы мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі.

3Д-үлгі – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде аккредиттелген шетелдік мемлекеттердің құрметті консулдарының жеке мотокөлік құралдарына арналған "НС" сериялы мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі.

5Г-үлгі  – шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелері, оларға теңестірілген, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде акредиттелген халықаралық ұйымдардың өкілдіктері дипломатиялық және консулдық құрамының, әкімшілік-техникалық персоналының қызметтік және жеке көлік құралдарына тіркемелер мен жартылай тіркемелерге арналған "D" және "Т" сериялы мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері.

5ГА-үлгі - бекіту орны 5Г-үлгісіндегі мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісінің габариттеріне сәйкес келмейтін, шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелері, оларға теңестірілген, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде акредиттелген халықаралық ұйымдардың өкілдіктері дипломатиялық және консулдық құрамының, әкімшілік-техникалық персоналының қызметтік және жеке жеке көлік құралдарына тіркемелер мен жартылай тіркемелерге арналған "D" және "Т" сериялы мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері.

5Д-үлгі  – Қазақстан Республикасында тіркелген, шетелдік қатысуы бар заңды тұлғалардың, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың көлік құралдарына тіркемелер мен жартылай тіркемелерге арналған "Н" және "F" сериялы мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері.

5ДА-үлгі - бекіту орны 5Г-үлгісіндегі мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісінің габариттеріне сәйкес келмейтін, Қазақстан Республикасында тіркелген, шетелдік қатысуы бар заңды тұлғалардың, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың көлік құралдарына тіркемелер мен жартылай тіркемелерге арналған "Н" және "F" сериялы мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері.

5Д-үлгі  – Қазақстан Республикасында тіркелген, заңды тұлғалар филиалдары мен өкілдіктерінің көлік құралдарына тіркемелер мен жартылай тіркемелерге арналған "М" сериялы мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі.

5ДА-үлгі  ‒ бекіту орны 5Д-үлгісіндегі мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісінің габариттеріне сәйкес келмейтін, Қазақстан Республикасында тіркелген заңды тұлғалар филиалдары мен өкілдіктерінің көлік құралдарына тіркемелер мен жартылай тіркемелерге арналған "М" сериялы мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі.

5Д-үлгі – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде акредиттелген шетелдік мемлекеттердің құрметті консулдарының қызметтік және жеке автомобильдеріне тіркемелер мен жартылай тіркемелерге арналған "НС" сериялы мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі.

5ДА-үлгі – бекіту орны 5Д-үлгісіндегі мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісінің габариттеріне сәйкес келмейтін Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде акредиттелген шетелдік мемлекеттердің құрметті консулдарының қызметтік және жеке автомобильдеріне тіркемелер мен жартылай тіркемелерге арналған "НС" сериялы мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі.

39-сурет.ҚР ҚорғанысМинистрлігініңнөмірі

2015 жылдыңмаусымындаәкімшілік полиция Комитеті ҚР ҰҚК Шекаралық қызметінің көлігіне жаңа нөмір белгілерін бекітті. ҚР ҰҚК Шекаралық қызметінде алаң түсі жасыл болып таңдалған себебі Шекаралық қызметтің символдарының негізгі түсі жасыл болғандықтан – Шекаралық қызметтің жалауы, эмблемасы, фуражкасы. Нөмірдегі жұлдыз белгісі Шекаралық қызметтің Қазақстан Республикасының әскери қызметіне жататынын білдіреді, BS әріптері - Borderservice – ағылшыннан аударғанда Шекаралық қызмет дегенді білдіреді.

* Ауылшаруашылық техниканың тіркеу нөмірлері 10 жыл бұрын жасалғандықтан, және тракторлар мен комбайндар халықаралық қозғалыста қатыспайтындықтан олардың тіркеу нөмірлері өзгеріссіз қалады.