Сіз сайлау учаскесінің мекенжайын жергілікті атқарушы органдарының сайтынан «ЖСН бойынша сайлау учаскесін іздеу» ақпараттық сервисі арқылы, сондай-ақ байланыс операторларының смс-тарату арқылы келіп түскен қысқа нөмірлі call-center арқылы біле аласыз. Сондай-ақ, Сіз бұл ақпаратты учаскелік сайлау комиссиясынан тұрғылықты мекежайыңызды айтып, біле аласыз. Бұдан басқа, Сіз Kaspi.kz және Halyk қосымшаларынан.
Әрбір азамат (таңдаушы) сайлаушылар тізімінде өзі туралы деректерді тексеруге және тізімге енгізілмеуіне, дұрыс енгізілмеуіне немесе тізімнен шығарылуына, сондай-ақ тізімде сайлаушы (таңдаушы) туралы деректерде жіберілген дәлсіздіктерге шағымдануға құқылы.
Сайлаушылар тізімдеріне енгізу, олардан шығару не сайлаушылар тізімдерінде түзетулер қажеттілігі туралы өтініштерді тиісті сайлау комиссиясы сайлау комиссиясына өтініш келіп түскен күні қарайды.
Өтініш қабылданбаған жағдайда сайлау комиссиясы өтініш берушіге оның өтінішін қабылдамау туралы дәлелді шешімнің көшірмесін дереу береді.
Шешімге сайлау комиссиясының орналасқан жері бойынша тиісті сотқа шағым жасалуы мүмкін, ол шағымды келіп түскен күні қарайды.
Өтініш беруші үшін оң шешім болған кезде сайлаушылар (таңдаушылар) тізіміндегі түзетуді немесе тізімге енгізілмеген сайлаушыны енгізуді сайлау комиссиясы дереу жүргізеді.
Осылайша, әр азамат өзінің тұрақты тіркелген жері бойынша учаскелік сайлау комиссиясына өтініш беру арқылы шағымдануға құқылы.
Азаматты нақты бір сайлау учаскесіндегі сайлаушылар тізіміне енгізу үшін оның осы сайлау учаскесінің аумағында тұрғылықты жері бойынша тіркелу фактісі негіз болады.
Сайлаушылар тізіміне белсенді сайлау құқығы бар Қазақстан Республикасының барлық азаматтары енгізіледі. Сайлаушылар тізімімен дауыс беру күніне 15 күн қалғанда тіркелген жері бойынша өзінің учаскелік сайлау комиссиясында танысуға болады. Егер сайлаушы өзін жаңа тұрғылықты жері бойынша сайлаушылар тізімінен таба алмаса, онда ол жаңа тіркеу орны негізінде сайлаушылар тізіміне енгізу туралы өтінішпен учаскелік сайлау комиссиясына жүгіне алады.
Дауыс беру күні 18 жасқа толған сайлаушы сайлауда дауыс беруге құқылы.
Егер сайлаушы қандай да бір себептермен сайлаушылар тізіміне енгізілмесе, онда комиссия белсенді сайлау құқығы бар тұрғылықты жері бойынша тіркелген сайлаушыны сайлаушылар тізіміне енгізу туралы дереу шешім қабылдайды.
Сайлау заңнамасында жекелеген сайлаушылар денсаулық жағдайы бойынша, отбасының науқас мүшесіне күтім жасау себебінен, сондай-ақ сайлау учаскелері құрылмаған шалғай және қолжетімділігі қиын аудандарда болған жағдайда дауыс беру үшін келе алмайтыны көзделген, учаскелік сайлау комиссиясы олардың жазбаша өтініші бойынша он екі сағаттан кешіктірілмей берілуі мүмкін жергілікті уақыт бойынша дауыс беру күні осы сайлаушылардың тұрған жерінде дауыс беруді ұйымдастыруға тиіс.
Сіз бюллетендерді өз бетінше толтыра алмайтын адамдарға (сайлаушыларға) көмектесе аласыз, егер ол Сізге сенсе және дауыс бергеннен кейін фамилияңызды бюллетень алу үшін сайлаушының қолымен сайлаушылар тізіміне енгізіледі.
Бұл жағдайда Сіз:
1) сайлау комиссиясының мүшесі;
2) жергілікті өкіл немесе атқарушы органның лауазымды адамы;
3) кандидаттың сенім білдірілген адамы;
4) журналистерге-бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі;
5) тиісті сайлау комиссиясында тіркелген бақылаушы ретінде бола алмайсыз.
Кандидаттар туралы объективті, құжатталған және тексерілген ақпаратты Сіз учаскелік сайлау комиссиясының ақпараттық стендінен көре аласыз. Бұдан басқа, Сіз бұл ақпаратты тиісті сайлау комиссиясының интернет желісіндегі ресми сайтынан біле аласыз.
Иә, егер, Сіз сайлау күні аудан аумағындағы басқа елдімекенде болуды жоспарласаңыз.
Бұл жағдайда Сіз алдын-ала, 2023 жылдың 4 қарашасында сағат 18.00-ге дейін сайлау учаскесіне жүгініп, дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәлігін алуыңыз қажет. Осы құжатпен Сіз ауданның басқа елдімекенінде дауыс бере аласыз. Сонымен бірге, бір елдімекен шегінде басқа учаскеде дауыс беруге болмайды.
Жоқ. Сайлаушының жеке басын куәландыратын құжатты ұсынғаннан кейін Қазақстан Республикасының азаматтары ғана дауыс бере алатынын ескеріп. Жүргізуші куәлігі мұндай құжаттарға жатпайды. Бұл ретте заңға тәуелді актіде eGov mobile, Kaspi.kz және Halyk қосымшаларына цифрлық жеке куәлік/паспорт ұсыну көзделген.
Заң сайлаушының бюллетенді кабинадан дауыс беру жәшігіне қалай апаратынын реттемейді. Алайда, екі тармақты естен шығармау керек. Біріншіден, Қазақстан Республикасында дауыс беру құпия болып табылады. Бұл Сізден толтырылған бюллетенді көрсетуді талап етуге ешкімнің құқығы жоқ дегенді білдіреді. Егер кімде-кім бұл тыйымды бұзса, ол жауапқа тартылуы мүмкін. Екіншіден, дауыс беру күні сайлау алдындағы үгіт-насихатқа тыйым салынады, оның нысандарының бірі кандидаттардың қайсысына дауыс бергеніңіз туралы хабарламаны қоса алғанда, сайлаушының қалауын білдіру болып табылады. Демек, толтырылған бюллетенді көрсету сайлау науқаны ретінде қарастырылуы мүмкін. Бұл үшін Сіз әкімшілік жауапкершілікке тартыласыз. Сондықтан толтырылған бюллетенді бүктеп және бүктелген күйде алып жүрген дұрыс.
Сондықтан толтырылған бюллетеньді Өз таңдауыңызды көрсетпейтіндей алып жүрген жақсы.
Ресми жолмен аумақтық сайлау комиссиясына, сондай - ақ құқық қорғау органдарына (бірінші кезекте-прокуратураға) шағым жазуға болады.
Бұл ретте ескертулер құжатталған, жарамды және тексерілетін фактілерге негізделуі тиіс.
Азаматты белгілі бір сайлау учаскесіндегі сайлаушылар тізіміне енгізу үшін оның осы сайлау учаскесінің аумағында тұрғылықты жері бойынша тіркелу фактісі негіз болып табылады.
Сайлаушылар тізіміне енгізу қажеттілігі туралы өтінішті тиісті сайлау комиссиясы сайлау комиссиясына өтініш келіп түскен күні қарайды.
Өтініш қабылданбаған жағдайда сайлау комиссиясы өтініш берушіге оның өтінішін қабылдамау туралы дәлелді шешімнің көшірмесін дереу береді.
Шешімге сайлау комиссиясының орналасқан жері бойынша тиісті сотқа шағым жасалуы мүмкін, ол шағымды келіп түскен күні қарайды. Өтініш беруші үшін оң болған жағдайда енгізілмеген сайлаушыны тізімге енгізуді сайлау комиссиясы дереу жүргізеді.
Болмайды. Заң бойынша дауыс беру құпия болуы керек. Ешкім, тіпті жұбайы немесе жақын досы да толтырылған сайлаушылар бюллетенін көрмеуі керек.
Алайда, бұл ереженің бір ерекшелігі: егер сайлаушының бюллетенді өз бетінше толтыруға мүмкіндігі болмаса (әдетте, бұл қарт адамдар, көру қабілеті нашар адамдар), ол басқа сайлаушының көмегін пайдалануға құқылы:
1) сайлау комиссиясының мүшелерін;
2) жергілікті өкілін немесе атқарушы органның лауазымды адамдарын;
3) кандидаттың сенім білдірілген адамдарын;
4) журналист - бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін;
5) тиісті сайлау комиссиясында тіркелген байқаушыларын қоспағанда.
Сайлау құқығы –Қазақстан Республикасы азаматтарының конституциялық құқығы, бірақ міндетті емес. Сондықтан дауыс беруден бас тартқаны үшін жауапкершілік (жаза) қарастырылмаған.
Есептен шығару куәліктері сайлаушылардың тізімдерін (дауыс беру күніне 15 күн қалғанда) жалпыға бірдей танысу үшін ұсыну мен сайлау күні арасындағы кезеңде сайлаушы өзінің болу орнын ауыстырған кезде есептен шығару куәлігін алуға өтініш негізінде беріледі
Есептен шығару куәлігі басқа сайлау округінде немесе бір елді мекен шегінде басқа сайлау учаскесінде дауыс беруге қатысқысы келетін сайлаушыларға берілмейді.
Егер есептен шығару куәлігін басқа сайлау округінің учаскелік сайлау комиссиясы берген жағдайда сайлаушы сайлаушылар тізіміне енгізілмейді.
Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы қолданыстағы заңнамаға сәйкес мерзімінен бұрын дауыс беру тәртібі көзделмеген.
Сайлау учаскесі сағат 20.00-де жабылады. Мен тура кешкі сағат сегізде келдім.
Сайлау учаскесі сағат 20.00-де жабылады, аталған уақытқа дейін учаскеде болған барлық азаматтар дауыс беру рәсімін аяқтайды.
Азаматты белгілі бір сайлау учаскесіндегі сайлаушылар тізіміне енгізу үшін оның осы сайлау учаскесінің аумағында тұрғылықты жері бойынша тіркелу фактісі негіз болып табылады. Уақытша тіркелген азаматтар тұрақты тіркелген жері бойынша тізімнен алып тастай отырып, жергілікті атқарушы органға берген өтініші негізінде сайлаушылар тізіміне енгізіледі.
Егер ауданда демалыс үйлерінде, санаторийлерде, стационарлық емдеу-алдын алу мекемелерінде учаске құрылса, онда мұндай учаскелердегі сайлаушылар тізіміне ауданда тұратын барлық азаматтар енгізіледі, олар дауыс беру өткізілетін күні аталған мекемелердің басшылары ұсынатын деректер негізінде аталған мекемелер мен ұйымдарда болады.
Азаматтар уақытша жаза өтейтін жерлерде сайлау учаскелері, оның ішінде тергеу изоляторлары мен уақытша ұстау изоляторларында, кемелерде орнатылады.
Мұндай учаскелердегі сайлаушылар тізіміне дауыс беру өткізілетін күні аталған мекемелер мен ұйымдарда болатын барлық азаматтар енгізіледі.
Сайлау бюллетені бүлінген жағдайда оған сайлаушының өтініші бойынша жаңа сайлау бюллетені беріледі. Жаңа сайлау бюллетені сайлаушыға тек бір рет беріледі. Бүлінген сайлау бюллетені пайдаланылмаған болып саналады және басқа пайдаланылмаған бюллетендермен бірге өтеледі.