Кеңесте көктемгі екі айлық барысындағы абаттандыру жұмыстарының орындалуы қаралды

Кеңесте көктемгі екі айлық барысындағы абаттандыру жұмыстарының орындалуы қаралды

✅Кеңесте көктемгі екі айлық барысындағы абаттандыру жұмыстарының орындалуы қаралды. ⠀

☑️Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Ербол Акектің баяндауынша, бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес, 1155 тал-тарақ отырғызу, 880 шаршы метр гүлзар орналастыру, 90,2 шқ. арық және каналдарға тазалау жұмыстарын жүргізу, 588,7 шқ. көшелерді күл-қоқыстан тазалау, 24360 шаршы метр саябақтарды, скверлерді тазалау және көріктендіру, 246 тонна кездейсоқ күл-қоқыс орындарын тазалау жоспарланған.⠀

❗Жорабек Нұрмергенұлы аудан аумағындағы қоқыс мәселесін қатаң сынға алып, бөлім басшысы мен ауылдық округ әкімдеріне жоспарға сай, аумақтарды тазалау қажеттігі жөнінде тапсырма берді. ⠀

📍Сонымен қатар, аппарат кеңесінде мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің орындалуы мен қаңтар-наурыз айларындағы аудандық бюджеттің орындалуы қаралды.