20-наурыз -Ұлттық спорт күні

20-наурыз -Ұлттық спорт күні

Наурызнама тұжырымдамасы бойынша, 20-наурыз – Ұлттық спорт күні.

✅Осыған орай, ауданда 2007-2008 жылдары туған жасөспірімдер арасында көкпар, бәйге және аударыспақ ұлттық ойындарынан аудандық турнир өткізілуде.

🔰Салтанатты ашылу шарасына аудан әкімі Жорабек Баубеков қатысып, командалар мен спортшыларға сәттілік тіледі.

📍Рысқұлов ауылындағы атшабарда өтіп жатқан көкпарға Кеңес, Қостоған, Ақтоған, Сарымолдаев, Рысқұлов Андас батыр, Жамбыл және Тәтті ауылдарының командалары қатысуда.

🔷Бақ пен бап қатар сынға түсетін аламан додаларда жасөспірімдер ұлттық ойындарға деген құштарлықтарын танытып, лайықты өнер көрсетуде.

❗Аталған турнирлер Наурыз мейрамы аясында ұлттық ойындарды дәріптеумен қатар, осы жарыстар арқылы облыстық, республикалық жарыстарға қатысатын жас спортшыларды іріктеу мақсатында да ұйымдастырылды.