Қытайлық CSCEC компаниясының өкілдерімен кездесу өтті

Қытайлық CSCEC компаниясының өкілдерімен кездесу өтті

Көлік вице-министрі Сәтжан Аблалиев инфрақұрылымдық нысандарды салуға маманданған China State Construction Engineering Corporation- қытайдың ең ірі құрылым компаниясының өкілдерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында CSCEC компаниясы өз қызметін таныстырып, отандық жобаларға инвестиция салуға қызығушылық білдірді.

Өз кезегінде С.Аблалиев әлеуетті инвесторларды автожол саласындағы перспективалы жобалардың кең ауқымымен таныстырды.

Сондай-ақ вице-министр қазақстандық жобалау, құрылыс және сервистік компанияларды міндетті түрде тарта отырып, жол жобаларын іске асыруға арналған ашық конкурсқа қатысу мүмкіндіктері туралы айтты.

Сонымен қатар министрдің орынбасары қонақтарды Қазақстан әуежайларын қайта құру және кеңейту жобаларын іске асыру жоспарларымен қысқаша таныстырды.