AD ports Group-пен Құрық портындағы Саржа терминалдарының инфрақұрылымын дамыту туралы келісімге қол қойылды

AD ports Group-пен Құрық портындағы Саржа терминалдарының инфрақұрылымын дамыту туралы келісімге қол қойылды

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев, Сыртқы істер вице-министрі Алмас Айдаров және «Астана»халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Ренат Бектұров портта астық терминалы мен Құрық портындағы «Саржа» көпфункционалды теңіз терминалын салу бойынша өзара іс-қимылды көздейтін Semurg Invest және AD Рorts Group компаниялары арасындағы ынтымақтастықтың негізгі шарттары туралы келісімге қол қою рәсіміне қатысты. Ынтымақтастық туралы құжатқа «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ қолдауымен қол қойылды.

AD Ports Group өңірлік директоры Абдулазиз Зайед Әл-Шамси және Semurg Invest компаниясының бас директоры Нұржан Марабаев осы Келісімді өз қолдарымен бекітті.

ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров атап өткендей, «БАӘ Қазақстанның маңызды сауда-инвестициялық серіктесі болып саналады. 2023 жылдың 1-тоқсанының қорытындысы бойынша БАӘ-ден ҚР-ға 209,7 млндоллар сомасына тікелей шетелдік инвестициялар тартылды (2022 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 83,1 млн долларға 2,5 есе өсім).

2005 жылдан бастап 2023 жылдың 1-тоқсанына дейін 3,38 млрд доллар сомасына инвестициялар тартылды. 2023 жылдың 1 тамызында Қазақстанда араб капиталының қатысуымен 250 компания жұмыс істейді.

«Саржа» ММТ жобасы Қазақстанның ірі инфрақұрылымдық жобаларының тізіміне кіреді және шетелдік инвесторлар арасында үлкен қызығушылық тудырады.

«Бүгінде болашақ терминал аумағында УСҚ жұмыс істейді, екі айлақтың, кірме теміржол жолдарының, астық терминалының бірінші фазасының және бас жүк терминалының құрылысы аяқталды. Көп ұзамай алғашқы жүктерді ауыстырып тиеу күтілуде. Жобаны толық іске асыру Транскаспий халықаралық көлік маршрутының өткізу қабілетін жылына 10 млн тоннаға арттыруға мүмкіндік береді», - деді Нұржан Марабаев.

Абдулазиз Зайед Әл-Шамси келісімге қол қойғаннан кейін әмірліктер тарапы Құрық портымен Орталық Азиядағы экспорттық маршруттарды дамыту үшін аса маңызды көліктік-логикалық бастаманы іске асыру бойынша ынтымақтастыққа мүдделі екенін атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, биыл жыл басында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың БАӘ-ге сапары өтті. Келіссөздер мен инвестициялар жөніндегі дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша екі ел арасындағы экономикалық байланыстарды нығайту мақсатында АD Ports Group компаниясы қазақстандық теңіз порттарының инфрақұрылымын дамыту саласындағы ынтымақтастық туралы ниет білдірді.

Наурыз айында AD Ports Group компаниялар тобы өкілдерінің Құрық портына жұмыс сапарымен барды, оның барысында араб серіктестеріне «Саржа» көпфункционалды теңіз терминалының жобасы таныстырылды, сондай-ақ ынтымақтастық жоспарлары талқыланды.

AD Ports Group БАӘ-де 10 порт пен терминалға иелік етеді және басқарады. Әрбір нысан стратегиялық орналасқан және әлемдік нарықтарға қол жетімділікті қамтамасыз ету үшін теңіз, әуе, автомобиль және теміржол байланыстарын пайдаланады.

«SEMURG INVEST» ЖШС Құрық портындағы «Саржа» көпфункционалды теңіз терминалының иесі және әзірлеушісі болып саналады. Жоба Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі көліктік-логистикалық әлеуетін дамыту тұжырымдамасына енгізілген және орта дәлізді дамытуда және экспорттық маршруттарды әртараптандыруда маңызды рөл атқарады. Жобаға астық терминалы, әмбебап жүк терминалы, сұйықжүк терминалы, жалпы жүк терминалы және көлік-логистикалық орталық сияқты бірнеше терминалдар кіреді. Жобаның жалпы жоспарланғанауыстыру қуаты жылына 10 млн тоннаны құрайды.