ОРАЛДАҒЫ СУ ТАСҚЫНЫ: ТУРИЗМ ЖӘНЕ СПОРТ ВИЦЕ-МИНИСТРІ МИРАС ТӨЛЕБАЕВ ЭВАКУАЦИЯ ПУНКТІНЕ БАРДЫ

ОРАЛДАҒЫ СУ ТАСҚЫНЫ: ТУРИЗМ ЖӘНЕ СПОРТ ВИЦЕ-МИНИСТРІ МИРАС ТӨЛЕБАЕВ ЭВАКУАЦИЯ ПУНКТІНЕ БАРДЫ

Мирас Төлебаев облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебінде су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру жөніндегі штабтың жұмысымен танысты. Қазіргі уақытта ғимаратта жедел-эвакуациялық пункт орналасқан, онда су тасқыны салдарынан зардап шеккендер орналастырылған. Сондай-ақ гуманитарлық көмекті қабылдау және тарату пункті орналасқан.

Естеріңізге сала кетейік, спорт қауымдастығының өкілдері «Дала қырандары» жастар қоғамдық бірлестігімен бірге Орал қаласы маңындағы су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысуда. Жергілікті тұрғындарға көмек көрсетуге 400 ерікті жұмылдырылған.