МАРИЯ ДМИТРИЕНКО ПАРИЖ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ЖОЛДАМАСЫН ЖЕҢІП АЛДЫ

МАРИЯ ДМИТРИЕНКО ПАРИЖ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ЖОЛДАМАСЫН ЖЕҢІП АЛДЫ

Бүгін стенд атудан Қатар астанасы Дохада өтіп жатқан лицензиялық турнирде Ұлттық құрама спортшысы Мария Дмитриенко Олимпиада лицензиясына иелік етті.

Ол трап жаттығуында финалға шықты. Ақтық сындағы 4 мергенде жолдама болғандықтан, қорытынды нәтижеге қарамастан финалға жеткен қалған 2 спортшы лицензияға қол жеткізді.

Мария осыған дейін 2016 жылы Рио Олимпиадасына қатысып, 8-орынға табан тіреген.

Былтыр Бакудағы әлем чемпионатында Мария аралас жұптық сында Даниил Почиваловпен бірге қола жүлдегер атанған.

Қазір Қазақстан қоржынында ойындардың 47 лицензиясы бар.