Президент көпфункционалды спорт кешенінің қызметімен танысты. Заманауи құрылғылармен жабдықталған нысанда халықаралық және республикалық спорт жарыстарын, сондай-ақ мәдени-көпшілік іс-шараларды өткізуге болады.
Мұнда волейбол, баскетбол алаңқайлары, футзал, жабық және ашық теннис корттары, бассейн, жекпе-жек түрлері мен фитнеске арналған залдар, сондай-ақ футбол алаңы бар.
Қасым-Жомарт Тоқаев жергілікті спортшылармен әңгімелесіп, оларға сәттілік тіледі.
t.me/aqorda_resmi
Кезекті шығарылымның кейіпкері — дзюдодан әйелдер арасындағы ұлттық құрама мүшесі, 48 кг салмақ дәрежесінде Азия және әлем чемпионаттарының жүлдегері, Азия ойындарының күміс медаль иегері Әбиба Әбужақынова.
Бағдарлама барысында Әбиба татамиден тыс өмірі, жеке қызығушылығы мен күнделікті тіршілігі туралы әңгімелеп, көрермендерге өзін жаңа қырынынан таныстырады.
Бүгін елордада ҚР Оқу-ағарту министрлігі Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының ұйымдастыруымен мектеп және студенттік спортты дамытуға арналған жиын өтті.
Кездесуге ҚР Туризм және спорт министрлігі, ҚР Қорғаныс министрлігі, Ұлттық Олимпиадалық комитет және 25 ұлттық спорт федерациясы өкілдері қатысты.
Орталықтың бас директоры Арман Ташметов:
«Дене шынықтыру — бұл жай ғана сабақ емес. Бұл — ұлт саулығына салынған инвестиция. Ертеңгі чемпиондарды тәрбиелеу — бүгінгі міндетіміз», — деді.
Талқыланған негізгі мәселелер:
🟢 Мектептегі дене тәрбиесін жүйелі қолдау
🟢 Жаттықтырушыларды даярлау
🟢 Инфрақұрылымды жаңғырту
🟢 Спорттық іс-шаралар күнтізбесін кеңейту
🔹 Қазір мектептерде 29 000-нан астам дене шынықтыру пәні мұғалімі жұмыс істейді
🔹 357 мыңға жуық бала волейболмен айналысады
🔹 UEFA Playmakers және Babby Tennis секілді жобалар іске асуда
🔹 Қорғаныс және Оқу-ағарту министрліктері бірлесіп кадр тапшылығын шешуге күш салуда.
Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Аманбай Нұрмұханбетов Мемлекет басшысының Жолдауларында бұқаралық және балалар спортын дамытуға ерекше назар аударатынын атап өтіп, бұл бағытта бірлесе жұмыс істеу қажеттігін жеткізді.
➤ Заң мемлекеттің дене шынықтыру және спорт саласын дамыту саясатын жетілдіруге бағытталған.
➤ Уәкілетті орган басым спорт түрлерінің республикалық және өңірлік тізбесін әзірлейді, жоғарғы жетістіктер спорты түрлерінің тізімін және оларды бюджет есебінен қаржыландыру тәртібін айқындайды.
➤ Басым спорт түрлері халықаралық аренада қол жеткізген нәтижелерге қарай бекітіледі. Бұл – Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада, Азия, Паразия ойындарының бағдарламасына енген спорт түрлері, сондай-ақ ұлттық спорт түрлері.
➤ Спорт федерацияларын аккредиттеуге қатысты ережелер жетілдірілді. Енді олар ұлттық және жергілікті спорт федерациялары болып бөлінеді.
➤ Шетелдік легионерлерді бюджеттен және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаты есебінен қаржыландыруға тыйым салынады.
➤ Бұдан былай бюджет қаражаты тек төрт бағытқа: жоғары жетістіктер спортына, оның ішінде спорттың басым түрлеріне, мемлекеттік дене шынықтыру-спорт ұйымдарының қызметіне, бұқаралық спортқа, спорттық инфрақұрылымды дамытуға жұмсалады.
➤ Заңға «спорттық даярлықтың ұлттық стандарттары» ұғымы енгізіледі. Соған сәйкес спортшыларды төл таным-түсінігімізге сай тәрбиелеп, олардың бойына дәстүрлі құндылықтарды сіңіруді көздейтін бірыңғай даярлау стандарты әзірленеді.
➤ Уәкілетті органға допингке қарсы ережелерді бұзғаны үшін шара қабылдау өкілеттілігі беріледі.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
t.me/aqorda_resmi
Өзбекстанның Ташкент қаласында өтіп жатқан спорттық және жауынгерлік самбодан Азия және Мұхитаралық чемпионатында жарыстың алғашқы күні аяқталды. Біздің спортшылар келесі нәтижелерге қол жеткізді:
Спорттық самбо
🥇64 кг. Бисенбаев Жандос
🥇71 кг. Қуатай Арнұр
🥇50 кг. Ибрагимова Айман
🥉54 кг. Торебай Айнұр
🥉59 кг. Мұрадасыл Зарина
🥉58 кг. Жұбатқан Нұрсұлтан
Жауынгерлік самбо
🥇 98 кг. Райхан Мәди
🥇 +80 кг. Нурила Асанқызы
🥉 +98 кг. Талғат Жиентаев
🥉 72 кг. Анара Сүйіндікова
🥉 80 кг. Ұлтай Сейлова
Сәуірдің 13-і мен 19-ы аралығында Даммам қаласында (Сауд Арабиясы) жеңіл атлетикадан VI Азия чемпионаты (U18) өтіп жатыр.
Аталған сайыста «Астана» ОДО-ның үш жаттықтырушысы жетекшілік ететін 10 спортшы ел намысын қорғауда. Біздің атлетшілеріміз байрақты бәсекеге тынымсыз дайындалды, сәйкесінше үздік нәтижелерге қол жеткізеді деген үміттеміз.
Азия чемпионатында бақ сынау – спортшылардың мансабындағы маңызды қадам. Спортшылардың әрқайсысы шеберліктерін көрсетіп, биік белестерді бағындырады деген сенімдеміз.
Спорттық гимнастика: Хорватияның Осиек қаласында мәресіне жеткен Әлем кубогі кезеңінде Қазақстан құрамасының спортшылары үш медаль жеңіп алды. Милад Карими кермедегі жаттығуда топ жарып, еркін жаттығуда қола жүлдені еншіледі. Ал Нариман Құрбанов тұтқалы ат бағдарламасында үшінші орынға ие болды.
Теннис: Теннистен Қазақстан әйелдер және 14 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы әлем чемпионатына жолдама алды. Әйелдер командасы кезекті рет Билли Джин Кинг кубогінің, ал жасөспірімдер командасы ел тарихында екінші рет әлем біріншілігінің финалдық кезеңіне жолдама алды.
Таэквондо: Сербияның Белград қаласында өткен Serbia Open G1 халықаралық турнирінде Қазақстанның кадеттер және жасөспірімдер құрамалары 11 медаль олжалап, жалпыкомандалық есепте бірінші орынды иеленді.
"Баршаңызға мәлім, мен бұқаралық спортты дамытуға ерекше мән беріп отырмын. Жастарымыз дені сау, мықты азамат болып өсуі керек. Сондықтан ұлт саулығын сақтау үшін бұқаралық спорттың маңызы айрықша. Жақында мен Олимпиадаға қатысушылармен кездестім, спорттағы нақты міндеттер мен басымдықтарға тоқталдым.
Шын мәнінде, бұл саладағы заңнаманы жаңартатын кез келді деп ойлаймын. Заңға енгізілетін өзгертулер бұқаралық спорт пен балалар спортын дамытуға зор серпін береді. Сондай-ақ болашақ жеңімпаздар шоғырын даярлауға жол ашады. Депутаттар осы маңызды заң жобасына айрықша мән бергені жөн деп санаймын".
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті
Қазақстанда дене шынықтыру сабақтарынан бастап халықаралық деңгейдегі спортшыларды даярлауға дейін тең қолжетімділікті құру бойынша спорт саласын дамытуда дәйекті жұмыс жүргізілуде. Бұқаралық және ұлттық спорт түрлерін насихаттау, инфрақұрылымды жаңғырту және жаттықтырушылар құрамын қолдау басымдыққа ие болып қала береді.
Бүгінгі таңда спортпен және дене шынықтырумен 8 миллионнан астам қазақстандық шұғылданады. Бұл ел халқының 41,4% құрайды. Мемлекет бұл көрсеткішті 2029 жылға қарай 50% - ға жеткізуді көздейді. Қазірдің өзінде тұрақты шұғылданушы балалар мен жасөспірімдердің үлесі 30% - дан асады. Мемлекеттік спорттық тапсырыс бағдарламасының ауқымы кеңеюде: 4 жастан 17 жасқа дейінгі 240 мыңнан астам бала 7 мыңнан астам спорт секцияларына тегін барады.
Жыл сайын миллионға жуық адамды қамтитын 25 мыңнан астам спорттық іс-шара ұйымдастырылады.
Ұлттық мәдени құндылығымыздың бірі ретінде ұлттық спорт түрлеріне ерекше назар аударылады. 2024 жылдың есебі бойынша 670 мыңға жуық адам жүйелі түрде айналысады. Еліміз бойынша 16 555 үйірме, 15 балалар-жасөспірімдер мектебі, 17 клуб пен мамандандырылған орталық жұмыс істеуде. Ең танымал түрлері – қазақ күресі, көкпар және тоғызқұмалақ. Қазақстан Астанада өткен 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында 112 медаль (43 алтын, 32 күміс, 37 қола) еншілеп, айқын көшбасшысы екенін көрсетті.
Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында Мәжіліс пен Сенаттың мақұлдауынан өткен «Дене шынықтыру және спорт туралы» жаңа заң жобасы әзірленді.
Қазіргі уақытта құжат Президентке қол қоюға жіберілді. Заң жобасы келесі жүйелі өзгерістер енгізуді көздейді:
Сонымен қатар, вертикальды басқару жүйесіне көшу жүзеге асырылады. Министрліктің құрылымына 33 жоғары спорт шеберлігі мектебі, 19 олимпиадалық резервті дайындау орталығы, 14 интернат-колледж беріледі. Министрлік тарапынан 8 республикалық федерацияның президенті мен 11 өңірдің спорт басқармаларында жаңа басшылар келісілді. Әкімдіктердің тиімділігін бағалау үшін KPI жүйесі әзірленуде.
Дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2029 жылға дейінгі тұжырымдамасына сәйкес Қазақстанда 25 мыңнан астам спорт нысаны тіркелген. 2024 жылы еліміз бойынша 90 спорттық нысан салынды. Оның 29-ы қалаларда, 61-і ауылдық жерлерде. Ауқымды инфрақұрылымдық жобалар бойынша Түркістанда ескек есу каналы, Өскеменде үстел теннисі академиясы, Шығыс Қазақстан облысында жабық стадион мен оңалту орталығы, Щучинск қаласында шаңғы базасының үшінші кезегнің құрылысы жүріп жатыр. 2025 жылдың соңына қарай Ұлттық дене шынықтыру және спорт университетін ашу жоспарланған.
Футбол инфрақұрылымын жаңғырту жаңа бағыт алды. Атап айтар болсақ, Қызылорда, Орал, Түркістан, Жетісу және басқа өңірлерде стадиондардың құрылысы мен реконструкциялау жұмысы жүргізілуде. Ал Астана, Шымкент, Ақтау, Өскемен және Семей қалаларында жаңа жобалар пысықталуда. Сондай-ақ, УЕФА стандарттарына сай келетін алты стадионды салу жоспарға енді. Сонымен қатар балалар спорт алаңдарының құрылысы басталып, басым бөлігі ауылдық жерлерге бөлінді.
Кадр мәселесін шешу барлық бастамаларды табысты іске асырудың негізгі бағыты болып қала береді. Жаттықтырушыларды қайта даярлау жұмыстары жүргізу, лицензиялау жүйесі енгізу, тәлімгерлік институты дамыту бойынша қарқынды жұмыстар атқарылуда. Жаттықтырушылардың мәртебесі педагог қызметкерлердің мәртебесіне теңестіріліп, әлеуметтік кепілдіктер мен жалақыны көтеру шаралары қарастырылды. Заң жобасындағы түзетулердің екінші пакеті балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері жаттықтырушыларының орташа еңбекақысын 30% - ға арттыруды көздейді.
Спорттық атақтар мен разрядтарды беру бойынша жаңартылған нормалар мен талаптардың жобасы әзірленді. Олимпиадалық емес пәндерді қоса алғанда спорттың 163 түрі ескере отырып, атақ алу шарттары қайта қаралды. Оған жаттықтырушылардың қатысуын растау жөніндегі нормалар қосылды. Республикалық және халықаралық турнирлерге арналған критерийлер өзектендірілді.
Саланы цифрландыру маңызды бағытқа айналды. 2025 жылдың соңына дейін спортшылардың, жаттықтырушылардың, төрешілер мен әдіскерлердің бірыңғай тізілімін, спорттық іс-шаралардың электрондық күнтізбесін және спорттық инфрақұрылым объектілерінің тізімін қамтитын e-спорт цифрлық платформасы енгізілетін болады. Бұл жүйені енгізу спорт саясатындағы барлық элементтердің ашықтығын, қамту ауқымын бақылау мен тиімділігін қамтамасыз етеді.
Қазақстан халықаралық аренада қол жеткізген жоғары нәтижелерін арттыруда. 2024 жылдың қорытындысы бойынша ұлттық командалар 1 206 медальға қол жеткізді. Оның 1 086-сы (399 алтын, 341 күміс және 346 қола) олимпиадалық және олимпиадалық емес спорт түрлеріне тиесілі. Параспорт бойынша қоржындағы медаль саны – 120. Паралимпиадалық дисциплиналардан 56 медаль (16 алтын, 20 күміс, 20 қола), сурдлимпиадалық және паралимпиадалық емес спорт түрлерінен 64 медаль (30 алтын, 17 күміс, 17 қола) еншіледі.
Барлық қабылданып жатқан іс-шаралардың мақсаты - чемпиондардың жаңа буынын тәрбиелеу мен ұлт денсаулығын нығайтуда қабілеті тұрақты, тиімді және баршаға қолжетімді спорт жүйесін құру.
✅14–16 сәуір: Қазақ күресінен жастар арасындағы Қазақстан чемпионаты
Біріншілікке Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан және барлық облыстан 550 спортшы қатысады.
Өтетін орны: Орал қаласы.
✅16–20 сәуір: Волейболды отырып ойнаудан Қазақстан кубогінің І кезеңі
Жарысқа еліміздің 10 өңірінен 95 параспортшы қатысады.
Өтетін орны: Атырау қаласы.
✅17–21 сәуір: Комбат джиу-джитсудан жасөспірімдер мен қыздар арасындағы Қазақстан чемпионаты
Ел чемпионатында 18 өңірдің 200 спортшысы бақ сынайды.
Өтетін орны: Астана қаласы.
✅17–21 сәуір: Пенчак-силаттан барлық жас санатындағы Қазақстан чемпионаты
Турнирде 18 өңірден келген 200 спортшы сынға түседі.
Өтетін орны: Алматы қаласы.
✅17–24 сәуір: 2009-2010 жылы туған жастар арасында ҚР Туризм және спорт министрлігі кубогі
Жарысқа 450-ден астам спортшы қатысады.
Өтетін орны: Қарағанды қаласы.
✅17 сәуір – 1 мамыр: Бокстан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты
Қазақстан құрамасынан 20 спортшы жұдырықтасады.
Өтетін орны: Амман қаласы, Иордания.
✅18–20 сәуір: Көркем гимнастикадан Әлем кубогі
Отандық 8 спортшы өнер көрсетеді.
Өтетін орны: Баку қаласы, Әзербайжан.
✅18–20 сәуір: Karate1 Premier League халықаралық турнирі
Ел намысын 13 спортшы қорғайды.
Өтетін орны: Каир қаласы, Мысыр.
✅19–20 сәуір: Би спортынан Kazakhstan Open 2025 республикалық турнирі
Жарысқа еліміздің 8 өңірінен келген 1 мың спортшы қатысады.
Өтетін орны: Алматы қаласы.
✅20–27 сәуір: Пара жеңіл атлетикадан әлемдік Гран-при кезеңі
Қазақстан құрамасынан 5 параспортшы қатысады.
Өтетін орны: Марракеш қаласы, Марокко.
Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Түркістан облысына жұмыс сапары барысында өңірдің бірқатар маңызды туристік және спорттық нысандарын аралады.
Сапар аясында министр Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне барып, киелі орынға келушілерге арналған инфрақұрылыммен танысты. Сонымен қатар, тарихи туризмнің маңызды бөлігі саналатын Күлтөбе қалашығына аялдап, археологиялық нысанды сақтау және оны туристік айналымға енгізу бағытындағы жұмыстарды көрді.
Министр «Керуен сарай» туристік кешеніне де барып, ондағы сервистік қызмет сапасын, мәдени-ойын-сауық инфрақұрылымының жұмысын және жалпы туристерге ұсынылатын жағдайларды саралады.
Сапар барысында Ербол Мырзабосынов Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша салынған есу арнасына (гребной канал) барды. Бұл – еліміздегі жалғыз олимпиадалық стандарттарға сай салынған есу арнасы. Мұнда болашақта әлемдік деңгейдегі жарыстар өткізуге мүмкіндік бар. Нысан су спорты түрлерін дамытуға және бұқаралық спортты қолдауға бағытталған маңызды жобалардың бірі саналады.
Сапар барысында министр Халықаралық туризм және меймандостық университетінің аумағында орналасқан дене шынықтыру-сауықтыру кешенін аралап, студенттерге жасалған спорттық жағдайлармен және оқу базасымен танысты.
Министрлік тарапынан Түркістан өңіріндегі туризм мен спорт саласын дамыту, инфрақұрылымды жетілдіру, сапалы сервисті қамтамасыз ету және кәсіби кадрларды даярлау бағытында жүйелі жұмыс жалғасады.