Өңір басшысы жаңа жатақханада тасқыннан зардап шеккендерге жасалған жағдайды тексерді

Өңір басшысы жаңа жатақханада тасқыннан зардап шеккендерге жасалған жағдайды тексерді

Бүгін СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Уәлиханов көшесіндегі су тасқынынан зардап шеккендер уақытша тұратын жаңа жатақханада болып, тұрғындармен тілдесті.

Зардап шеккендер Жұмабаев көшесіндегі жаңа жатақханаға да көшті. Екі жаңа жатақханада барлығы 440 адам тұрады. Мұнда тұрғындарға барлық жағдай жасалған. Олар баспана мәселесі толық шешілгенше дейін бұл жерде тұратын болады.

Бүгіннің өзінде Ойқаладағы Павлов, Смирнов, Тухачевский, Перминов және Колхозный Косогор көшелерінің бойында мүлікті бағалау және техникалық тексеру жұмыстары басталды. Су тартылған сайын бұл процедураларды шұғыл жасап, бір мезгілде механикалық бригадалар жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын бастамақ.