Солтүстік Қазақстан облысы бойынша «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының алаңында ағымдағы жылдың 06 наурызында мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну шарттарын талқылау бойынша шағын және орта бизнес өкілдерімен кездесу өткізілді

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының алаңында ағымдағы жылдың 06 наурызында мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну шарттарын талқылау бойынша шағын және орта бизнес өкілдерімен кездесу өткізілді

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының алаңында ағымдағы жылдың 06 наурызында мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну шарттарын талқылау бойынша шағын және орта бизнес өкілдерімен кездесу өткізілді. 30-дан астам кәсіпкер қатысты, оның ішінде онлайн форматта.

Мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну шарттарын түсіндіру мақсатында аталған іс-шараға «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» КММ, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, «Банк ЦентрКредит» АҚ, «Аграрлық кредиттік корпорация» филиалының, Петропавл қаласының мансаптық орталығының өкілдері қатысты.

Кәсіпкерлер үшін маңызды мәселелерді талқылауға және бизнес-ортаны жақсартуға бағытталған өз ұсыныстарын айтуға, сондай-ақ мемлекеттен қажетті қолдау алу шарттары бойынша түсініктемелер алуға мүмкіндік берілді.

Кәсіпкерлерге гранттық қаржыландыруды алу, инженерлік инфрақұрылымды жүргізу, субсидиялау және кепілдік беру, «Ауыл Аманаты» бағдарламасы шеңберінде кредит беру және жастар үшін кредит беру шарттары 2,5%-дан жеткізілді.