Өңірлік кадр резерві | Заңнаманы білуге тестілеу бойынша нұсқаулық

Өңірлік кадр резерві | Заңнаманы білуге тестілеу бойынша нұсқаулық

 

Заңнаманы білуге тестілеуден өтуге арналған нұсқаулық

Тестілеу Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының және оның филиалдарының базасында офлайн-форматта автоматтандырылған режимде өткізіледі.

Тестілеуді тапсыру тілін үміткер өз еркімен таңдайды.

Тестілеу нәтижелерін есептеу автоматты түрде жүзеге асырылады.

Заңнаманы білуге арналған тестілеу бағдарламасы Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын) (10 сұрақ) білуге арналған тестілерді қамтиды.

Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілерді орындаудың жалпы уақыты 55 минутты құрайды.

Тесттерді орындауға бөлінген уақыт өткеннен кейін тестілеу автоматты түрде аяқталады.

Тестілеу нәтижелерін есептеу автоматты түрде жүзеге асырылады. Сіздің  нәтижелеріңіз тестілеу аяқталғаннан кейін бірден компьютер мониторында көрсетіледі. Жиналған ұпайлар Жеке кабинетте «Хабарламалар» бөлімінде көрсетіледі.

Бірнеше кандидатта тестілеудің нәтижелері тең болған кезде тестілеудің келесі блогына  өңірлік кадр комиссиялары айқындаған саннан асатын кандидаттар саны жіберілуі мүмкін.

Осы блок бойынша қорытынды нәтижелер Сіздің жеке кабинетіңізде және сайтта 2024 жылғы 10 сәуірге дейін орналастырылады. 

Келесі «Жеке қасиеттерді бағалауға тестілеу» блогына жіберілген кандидаттар жеке кабинетте ескерту алады. Хабарлама алғаннан кейін келесі кезеңге жазылу қажет.

Тестілеу рәсімінің ережелері мен шарттары:

1)Заңнаманы білуге тестілеу тестілеуге жазылу кезінде кандидат таңдаған тілдердің бірінде (қазақ немесе орыс) өткізіледі;

  • Кандидаттарға өзімен бірге қабылдаушы-беруші электрондық құрылғыларды (оның ішінде ұялы телефондар мен өзге де электрондық жабдықтарды), құлаққаптар, қағаз жеткізгіштердің болуына тыйым салынады;
  • Кандидаттарға жұмыс орнынан тұрып кетуге немесе біреумен келіссөздер жүргізуге тыйым салынады;

4)Осы іріктеу кезеңінен қайта өтуге жол берілмейді.

ЕСКЕРТУ!

Аталған талаптар бойынша бұзушылықтарға жол берілген жағдайда іріктеу нәтижелері жойылады!

 Тестілеуді бастамас бұрын Сізге келесіні жасау қажет:

  • Пайдаланушы келісімімен танысу;
  • Іріктеу талаптарымен мұқият танысып шығу.