
Форумда бала тәрбиесіндегі отбасы мен мектептің өзара байланысы, құқықбұзушылықтың алдын алу және жасөспірімдердің қауіпсіздігі кеңінен талқыланды.
Форумға Жамбыл ауданының прокуроры Марат Естаев, аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы, аудандық полиция бөлімінің бастығы Даурен Сапиев, облыстық ата-аналар комитетінің төрайымы Назима Жұбандықова, полиция бөлімінің өкілдері, білім саласының мамандары, психологтар және 100-ге жуық ата-аналар қатысты.
Сондай-ақ, жиында жасөспірімдер арасындағы құқықтық мәдениетті қалыптастыру, рухани-адамгершілік құндылықтарды дәріптеу, ата-ана мен ұстаз жауапкершілігін арттыру бағытындағы жұмыстар айтылды.
Ұрпақ тәрбиесі – әр отбасының ғана емес, тұтас қоғамның ортақ міндеті. Саналы, білімді, заңды құрметтейтін жас буынды тәрбиелеу – ел болашағына салынған берік негіз. Қатысушылар форум аясында көтерілген ұсыныстар мен ой-пікірлер алдағы уақытта бірлескен нақты істерге ұласатынына сенім білдірді.
Жамбыл облысының прокуратурасы