Аудан аумағында қайталанатын құқық бұзушылықтардың алдын алу, есептегі тұлғаларды оңалту және әлеуметтік бейімдеу мақсатында ведомствоаралық мобильді топ тұрақты түрде жұмыс жүргізуде.
2026 жылғы 12 қаңтарда Байзақ ауданының мобильді тобы пробация есебінде тұрған тұлғалардың тұрғылықты жері бойынша кезекті тексеру жүргізу барысында марихуана қолданған және гашиш сақтаған сотталған М есімді азаматты анықтады.
Оқиға орнына жедел-тергеу тобы шақыртылып, жүргізілген тінту нәтижесінде салмағы 5,55 грамм гашиш және 0,99 грамм марихуана есірткі заттары тәркіленді.
Сол күні аталған факт бойынша Байзақ АПБ-мен ҚР ҚК-нің 296-бабының 2 және 3-бөліктері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, қылмыстық іс бір тәулік ішінде сотқа жолданды.
Сонымен қатар, есірткі құралын медициналық емес мақсатта пайдаланғаны үшін көрсетілген тұлға ӘҚБтК-нің 440-1-бабының 1-бөлігі бойынша 40 АЕК мөлшерінде айыппұл салыну арқылы әкімшілік жауаптылыққа тартылды.
Сондай-ақ, пробация бөлімімен есептегі тұлғаға қатысты бақылау мерзімін ұзарту туралы ұсыныс енгізілді.
2025 жылдың қорытындысы бойынша Байзақ ауданында бұрын сотталғандармен жасалған қылмыстар саны 105,8%-ға (35-тен 17-ге дейін), ал пробация есебінде тұрған тұлғалар арасындағы қылмыстар 150%-ға (5-тен 2-ге дейін) төмендегенін атап өту қажет.
Бұрын сотталған және есептегі тұлғаларды оңалту бағытындағы жұмыс жалғасуда.
Жамбыл облысының прокуратурасы