Тараздың прокурорлары мұқтаж жандарға беру үшін пәтерлерді коммуналдық меншікке қайтаруды жалғастыруда

Тараздың прокурорлары мұқтаж жандарға беру үшін  пәтерлерді коммуналдық меншікке қайтаруды жалғастыруда

Халықтың әлеуметтік осал топтарының құқықтарын қорғау прокуратура органдарының басым міндеттерінің бірі болып табылады.

Тараз қаласы прокуратурасымен жүргізілген талдау нәтижесімен нарықтық құны 100 млн теңгеден асатын азаматтармен заңсыз иеленген 10 пәтер анықталды.

Мысалы, қала прокурорының бастамасымен апелляциялық сатылы сот бірінші сатылы соттың актісін бұзып, құны 15 млн теңге құрайтын екі бөлмелі пәтерді мемлекетке қайтару туралы  қаулы шығарды.

Анықталғаны, азамат аталған пәтерді қала тұрғынынан қолхатпен алған, кейіннен, пәтерді заң жүзінде иеленгенің алға тартып, сотқа пәтерге меншік құқығын тану туралы талап қоюмен жүгінген. Бірінші сатылы сот талап қоюды қанағаттандырған.

Алайда, апелляциялық сатыда талапкердің пәтерді сатып алғаның және онда 7 жыл бойы үздіксіз тұрғанын растайтын құжаттарды ұсынбағаны анықталды.

Бұдан бөлек, прокуратурамен қала әкімдігіне иесіз объектілерге қатысты шара қабылдау үшін қадағалау актісі енгізілді.        

Нәтижесімен қала әкімдігінің нарықтық құны 30 млн теңгені құрайтын 3 мүлік (2 пәтер, 1 үй жер учаскесімен) иесіз және коммуналдық меншік құқығын тану туралы талап қоюы сотпен қанағаттандырылды, 3 пәтер бойынша талап қоюлар сотта қаралуда.

Сонымен қатар, тіркеу органымен 3 пәтер иесіз мүлік ретінде есепке алынды.

Атап өту қажет, 2025 жылдың сәуір айында қала прокуратурасымен мемлекет меншігіне 10 пәтер қайтарылды.

Бүгінгі таңда көрсетілген пәтерлер, тұрғын үйге мұқтаж әлеуметтік осал топқа жататын азаматтарға берілді.

Аталған бағыттағы жұмыстар жалғастырылуда.

 

 

Жамбыл облысының прокуратурасы