
Жамбыл облысының прокуроры Нұрғалым Әбдіров «Талас» субаймағында орналасқан «Karatau Chemicals» және «Talas Investment Company» ЖШС қызметкерлерімен кездесті.
Бүгінгі күні ауданда жалпы құны 43,6 млрд теңге болатын 3 жоба жүзеге асырылуда, оның ішінде бір жоба түрік инвесторларының қолдауымен орындалуда. 2 кәсіпорын толық іске қосылды, 28,6 млрд теңге инвестиция игерілді.
Өндірістерді іске қосу нәтижесінде шамамен 1000 жергілікті тұрғын тұрақты жұмыспен қамтамасыз етілді, бұл өңірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға ықпал етуде.
Өз кезегінде, облыс прокуроры инвестиция объектілерін қарап, жұмыс процесімен танысып, проблемалық мәселелерді тыңдады.
Инвесторларды алаңдататын өткір мәселелердің бірі субаймақты инфрақұрылыммен (ішкі байланыс және теміржол жолдары) толық қамтамасыз ету мәселесі болып табылады. Осыған байланысты ЖАО және басқарушы компания өкілдерінің есептері тыңдалды.
Бұған дейін аудан прокуратурасы қабылдаған бақылау және үйлестіру шаралары субаймақты қажетті инфрақұрылыммен (газ, су, жарық) қамтамасыз ету мәселесін оңтайлы шешуге мүмкіндік берді, бұл инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуына ықпал етті.
Облыс прокуроры осы бағыттағы жұмысты күшейту қажеттілігін атап өтіп, әрбір инвестициялық жобаны сүйемелдеуді жалғастыратынын мәлімдеді.
Кездесу қорытындысы бойынша инвесторлар прокуратураға құқықтарын қорғағаны үшін алғыс білдіріп, инвестициялық климатты жақсарту бойынша ұсыныстарымен бөлісті.
Жамбыл облысының прокуратурасы