Жамбыл облысында инвесторларға қолайлы жағдайлар жасау жолдары тақыланды

Жамбыл облысында инвесторларға қолайлы  жағдайлар жасау жолдары тақыланды

Жамбыл облысының прокуроры Нұрғалым Әбдіровтің төрағалығымен уәкілетті органдардың басшылығының қатысуымен инвестицияларды тарту үшін жағдай жасау жөнінде кеңес өтті.

Кездесу барысында өңірдегі инвесторлар кездесетін кедергілер талқыланып, алдағы уақытта жағдайды жақсарту үшін қадамдар анықталды.

Биыл қадағалау органының назары «Тараз» индустриялық аймағы мен «Талас» субаймағының инфрақұрылымдық мәселелерін түбегейлі шешуге, «Jibek joly» арнайы экономикалық аймағында тиімсіз жобаларға берілген жерлерді қайтаруға және ондаға жосықсыз мердігерлерден сомаларды өндіріп алуға бағытталды.

Бұл шаралар аймақтың инвестициялық тартымдылығын арттыруға ықпал етті.

Мысалы, «Jibek joly» АЭА аумағында 4 мыңнан астам жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін 29 млрд теңгеге 5 жоба іске асырылуда, 486 млрд теңгеге тағы 5 жоба салынуда және 438 млрд теңгеге 13 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда.

Бүгінгі таңда прокуратура өңір экономикасына жалпы сомасы 689 млрд теңге салым түсірген 23 инвестордың құқықтарын қорғады.

Сондай-ақ, Нұрғалым Әбдіров Тараз қаласы мен облыс аудандарының әрбір әкімдігінде ұлттық цифрлық инвестициялық платформа орнату қажеттігін атап өтті.

Бұл платформа инвестициялық жобаларды іске асыру барысына күнделікті мониторинг жүргізуге мүмкіндік береді.

«Тараз» индустриялық аймағында инвесторлармен кездесу барысында облыс прокуроры кейбір жобаларды іске қосу сатысында жүзеге асыруға кедергі келтіретін инфрақұрылымды қамтамасыз етуге байланысты маңызды мәселені шешу қажеттігін атап өтті.

Кеңес қорытындысы бойынша қатысушылар инвесторлардың құқықтарын қорғау және қолдау бойынша барлық қажетті шараларды қабылдау туралы шешім қабылдады.

 

 

Жамбыл облысының прокуратурасы